ЖК ҮШІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ САЛЫҚ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл салық режимі АСР-ға қатысты белгілі бір артықшылықтарға ие, өйткені мұнда кіріс мөлшері мен қызметкерлер санына шектеу қоймайды.
Бұған қоса, бұл салық режимі ЖК-ге жарамды, бұл патентке немесе ОД-ге негіз- делген АСР қолдану барысында есепке алынбайтын айтарлықтай шығындарға ие.
220.00 нысанымен ЖТС бойынша декларация мен ЖТС төлеу жалпыға бел- гіленген режимде ЖК жылына бір рет төлейді.
Салық сомасы шығыстар сомасына азайтылған, ЖК табысына 10%-дық мөл- шерлемені қолдану жолымен есептеледі, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес өткен жылдардағы шығындардың сомасына дейін төмендету арқылы есептеледі.
ЖК шығындарында әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік, көлік, төлемдер, алымдар, сондай-ақ өздері және жалдамалы қызметкерлер үшін міндетті зейне- тақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар секілді са- лықтарды да есепке алуға құқылы.
Жалпыға белгіленген режимде жұмыс істейтін ЖК-де әлеуметтік салықты, МЗЖ және ӘА, МӘМС-ті өздері және жалдамалы қызметкерлер үшін есептеу тәртібінде айырмашылықтар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |