|
Жер учаскелерінің ауданы (гектар)
|
Салық мөлшерлемесі
|
1.
|
500-ге дейін
|
0,15%
|
2.
|
501-ден 1 000 қоса алғанда
|
500 гектардан бағалау құнының 0,15% + 500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,3%
|
3.
|
1 001-ден 1 500 қоса алғанда
|
1000 гектардан бағалау құнының 0,3%
+ 1000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,45%
|
4.
|
1 501-ден 3 000 қоса алғанда
|
1500 гектардан бағалау құнының 0,45%
+ 1500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,6%
|
5.
|
3 000-нан жоғары
|
3000 гектардан бағалау құнының 0,6%
+ 3000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,75%
|
Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін АСР қолданатын салық төлеушілер жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен, жер салығынан, көлікке салынатын салықтан, мүлікке са- лынатын салықтан босатылады.
Бірыңғай жер салығы мен жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем төленеді: 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін – осы жылдың 10 қара- шасына дейін есептелген сомалар; 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейін – ке- лесі жылдың 10 сәуіріне дейін есептелген сомалар. Өзге салықтар мен әлеуметтік аударымдар жалпыға белгіленген режимде төленеді (ҚР СК 705-бап 2-тармақ).
Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды. Салық төлеушілер «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация» 920.00 нысанында есепті салықтық кезеңнен кейінгі 31 наурыздан кешіктірілмей ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |