Корпоративтік табыс салығы бойынша сұрақтар



бет1/3
Дата25.04.2022
өлшемі18,43 Kb.
#140741
  1   2   3
Байланысты:
Салық тест


Тест
Корпоративтік табыс салығы бойынша сұрақтар
1. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын табыс анықталады:
А ) салық салынатын табыс пен аванстық төлемдердің айырмасы ретінде;
В ) табыстар мен шығыстардың айырмасы ретінде;
С ) жиынтық табыс пен шегерімдердің қосындысы ретінде;
Д) жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде;
Е ) жиынтық табыс пен шегерімдердің бөліндісі ретінде.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құру арқылы қызмет ететін резидент
емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына жатады:
А ) тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстың барлық түрлері;
В ) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген табыс;
С ) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өндірілген табыс;
Д) барлық көздерден түскен табыстың барлық түрлері;
Е ) есепті кезеңдегі табыстар мен шығыстар.
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша күмәнді міндеттемелер дегеніміз қанша жыл
ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер:
А ) үш жыл;
В ) екі жыл;
С ) бес жыл;
Д) бір жыл;
Е ) бір ай.
4. Корпоративтік табыс салығы бойынша жылдық жиынтық табысты алумен байланысты салық төлеушінің шығындары:
А ) аванстық төлемдер деп аталады;
В ) шегерімдерге жатқызылады;
С ) жылдық жиынтық табысқа жатады;
Д) салық салынатын табыстан алынып тасталады;
Е ) жылдық жиынтық табыстан түзетіледі.
5. Корпоративтік табыс салығы бойынша геологиялық зерттеулер шегерімдерге
қандай мөлшерде жатқызылады?
А ) толық мөлшерде;
В ) амортизациялық салымдар түрінде;
С ) келісімшартпен бекітілген нормалар шегінде;
Д) 50% мөлшерінде;
Е ) шығындардың жалпы сомасының 25%.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет