Шағын бизнес субъектісі үшін оңайлатылған де- кларация (910.00 нысан)
Белгіленген шегерімді қолдану арқылы АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (912.00 нысаны)
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 нысаны)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ,егер ЖК салық кезеңінде (жыл/жартыжылдық) АСР қолда- ну шартын бұзса (мысалы, кірістің шекті мөлшерін асырса), онда ЖК басқа салық режиміне өтуі керек.
Мысалдар арқылы ЖК үшін әрбір АСР түрінің ерекшеліктерін қарастырайық.
ПАТЕНТ
Патент негізіндегі АСР қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп айырысуы беріледі (911.00 нысаны).
911.00 нысаны бойынша есеп айырысу жаңадан құрылған ЖК-ға қағаз нұсқа- сында немесе электрондық түрде, соның ішінде «электрондық үкімет» веб-пор- талы арқылы бір мезгілде мемлекеттік кірістер басқармасына ЖК ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарламамен ұсынылады.
Жаңадан құрылған ЖК үшін патент негізіндегі АСР қолданудың басталу күні ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу күні болып табылады.
Есеп айырысу патенттің құнын есептеп шығару үшін салық есептілігі болып та- былады.
Патент бойынша салық салу объектісі салық кезеңіне табыстың барлық түрінен тұратын ЖК мәлімдейтін кіріс болып табылады, яғни оған кәсіпкердің шығыстары ескерілмейді.
Патенттік құнды төлегенін растайтын құжаттар салық органына есептік құжат- тармен бірге ұсынылады.
Электронды түрде, соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылған есепте ЖК патенттің құнына кіргізілген салықтар мен төлемдер сома- сының төленгені көрсетілген төлем құжаттарынан алынған ақпараттарды көрсету- ге тиіс.
Егер патент ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында тіркелген болса, сон- дай-ақ қолданыстағы салық кезеңінің соңғы айындағы салық есептілігін табыс ету мерзімінің аяқталуына дейін немесе кейін әрекет еткен болса, күнтізбелік жыл ішінде кем дегенде бір айға патент негізінде АСР қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖК патент құнын төлеуді есеп-айырысуды бергенге дейін жүргізеді, яғни ЖК патент алғанға дейін бюджетке ЖТС, МЗЖ және әлеуметтік аударымдар (ӘА) сомасын төлеуге міндетті. Сондықтан жаңадан құрылған ЖК- ге патентті бір жылға емес, бір кварталға немесе жарты жылға алу ұсынылады, сонымен бірге жаңа патентті уақытында (алдыңғы патент аяқталғанға дейін) алып отыруы тиіс.
Мысалы, азамат Исаев автокөлік жөндеумен айналысуды шешті, сондықтан ол ЖК ретінде тіркелді және хабарламада салық салудың патент режимін көрсетті.
Исаев ЖК бір тоқсанға патент алуды шешті және бір тоқсанға 300 000 теңге көлемінде кірістің сомасын анықтады (ай сайын 100 000 теңгеден).
Патент құнының есеп айырысуы:
кіріс – 300 000 теңге;
бюджетке төлеуге жататын ЖТС сомасы: 300 000 × 1% = 3 000 теңге;
ЖК өзінің пайдасына МЗЖ төлеу барысында, МЗЖ төленетін кірісті өздері анықтауға мүмкіндігі бар.
ЖК Исаев МЗЖ-ны ЕТЖМ-нен төлеуді шешті, бұл жағдайда МЗЖ = 28284× 10% × 3 ай = 8 485 теңге.
Әлеуметтік аударымдардың есептеу объектісі ЖК өздігінен анықтай алатын кіріс болып табылады. ЖК Исаев әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін кірісті ЕТЖМ мөлшерінде анықтады.
Бұл жағдайда ӘА = 28284× 3,5% × 3 ай = 2 967 теңге.
Сонымен Исаев ЖК мынадай сомаларды төлеуге міндетті: ЖТС – 3 000 теңге; ӘА – 2967 тенге; МЗЖ – 8 485 теңге.
Салық төлеуші есепті бергеннен кейін салық органы салық органының ақпа- раттық жүйесінде есептеу жүргізілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде патент жасайды.
Егер патент әрекетінің мерзімі ішінде нақты алынған кірістің сомасы есептеуде көрсетілген табыс сомасынан асып кетсе, ЖК бес жұмыс күні ішінде артық сомаға қосымша есептеу түрінде есеп айырысуды ұсыну және осы сомадан салықтарды төлеуі қажет.
Көрсетілген есеп айырысу негізінде бұдан бұрын қалыптасқан патент орнына жаңа патент қалыптасады.
Бір жылға шекті кірістің сомасынан нақты алынған кірістің сомасы асқан кез- де, ЖК шарттарға сәйкессіздік туындаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ор- наласқан жері бойынша салық органына жалпы белгіленген тәртіпте немесе өзге АСР-ға көшу үшін салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарламаны ұсы- нуға міндетті.
Сонымен қатар:
патент негізінде АСР-ді қолдануды тоқтату күні осындай жағдай туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болады;
Жалпыға ортақ белгіленген процедураны немесе басқа АСР-ді қолданудың басталу күні осындай шарттар туындаған айдың бірінші күні болады.
Мысалы, ЖК Исаев 2018 жылдың қаңтарынан бастап желтоқсанына дейін па- тент алған болса, онда 7 000 000 теңге сомасында көрсетілген кіріс қазан айының соңында 8 500 000 теңге болды, бұл белгіленген шекті кірістен (8 485 200 теңге) асады, бұл жағдайда ол 2018 жылғы 1 қарашадан бастап оңайлатылған деклара- ция негізінегі АСР-ға немесе жалпыға бірдей салық режиміне ауысуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап патенттің құнын есеп- теу патент мерзімі аяқталған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде салық төлеуші басқа есепті ұсынбаған болса, онда ЖК қызметі оңайлатылған тәртіппен тоқтатылады, яғни ЖК тіркеу журналынан ЖК ретінде жойылады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент бойынша АСР жұмыс жасайтын ЖК- ге арналған қызмет түрлеріне шектеу қойылады.
Рұқсат етілген қызметтердің тізімі:
сылақ жұмыстары;
ағаш шеберлігі және балташылық жұмыстар;
едендерді жабындау мен қабырғаларды қаптау жұмыстары;
майлау және әйнек орнату жұмыстары;
такси қызметі;
автокөлікпен жүк тасымалдау;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
фотосурет саласындағы қызмет;
аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
мүлікті жалға тапсыру (жалға беру);
көлік құралдарын, мүлікті жалдауға (жалға беру) тапсыру;
ойын-сауық және спорт құрал-сайманын жалға алу және мүлікті жалдау (жалға беру);
бейнежазбалар мен дискілерді жалға беру;
өзге жеке басқа тұтынатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жалға алу және мүлікті жалдау (жалға беру);
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын, мүлікті жалдауға (жалға бе- руге) тапсыру;
кеңсе машиналары мен жабдығын, есептеу техникасымен қоса мүлікті жал- дауға (жалға беруге) тапсыру;
спорт мен мамандардың бос уақытын ұйымдастыру, білім беру саласын- дағы қызметтер;