ЖК салықтар мен төлемақылардың жекелеген түрлерін қалай төлейтініне НА-ЗАРАУДАРЫҢЫЗ! Мысалы, егер ЖК-де салық салу объектісі, яғни жер учаскесі болмаса, онда ЖК төлем жүргізбейді және жер учаскесі бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.
Сондай-ақ мемлекеттік бажды алу объектілері заңдық мәні бар әрекеттер не- месе мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың құжат беруі болып табылады.
Мысалы, заңды негізделген іс – сотқа талап қою, құжаттарды беру – нотариал- ды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) алу.
Салық режимінің қандай түрлері бар және олар салық міндеттемесінің орын- далуына қалай әсер етеді?
Сәйкес салық режимін таңдау ЖК-ні тіркеу кезінде немесе бір салық режимінен екіншісіне ауысу үшін өтінім беру шарттарын орындау барысында жүзеге асыры- лады.
Қазақстанда ЖК-ге арналған мынадай салық режимдері бар:
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі:
Патент;