10-МОДУЛЬ. БИЗНЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ
Кәсіпкерлер құқығы
Рұқсат беру жүйесі: ШОБ саласын реттейтін рұқсаттар, лицензиялар, ережелер мен стандарттар
Негізгі заң құжаттарын (шарттар, келісімдер, мәмілелер және т.б.) толтыру қағидалары, негіздері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тексеру
Қызметкерлерді басқару. Еңбек шарттары
КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ
Ең алдымен, бизнеспен айналысу кез келген жағдайда сіздің қызметіңізге қа- тысты шығындармен байланысты екенін еске ұстау керек. Мұндай шығындарға мыналар жатады: рұқсаттар мен лицензияларды алу, хабарламаларды беру, бизнес жүргізу ережелерін сақтау, мемлекеттік органдарға ұсынылатын мерзімді есеп- терді рәсімдеу, келісімшарттар жасау, келісімдер жасау, орындалатын жұмыстар туралы куәліктер және т.б.
Мемлекет талаптарын сақтай отырып, өз ісіңді қалай іске асыруға болады?
Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері (2-бап. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – ҚР КК))
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жекеменшік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табы- лады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ осы Кодекстің 10-бабында былай делінген (есте сақтаңыз):
Достарыңызбен бөлісу: |