Жеке кәсіпкерліктің субъектілері бірдей құқықтарға ие, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кез келген жеке кәсіпкерлік түрін жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдала- ну арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктердi құруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бағаларын дербес белгiлеуге;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтелетін негізде қаражат (қарыз) беруге;
оның құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асы- руға;
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы са- раптама кеңестерінің жұмысына қатысуға;
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға жауапты адамдарды жауапқа тарту жөнiндегi қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау және мемлекеттiк органдарға жүгінуге;
өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот билiгiне жү- гiнуге;
жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалуына ықпал ететiн себептер мен шарттарды жою туралы мемлекеттiк органдардың қарауына ұсыны- стар енгiзуге;
әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруды арқылы немесе оның қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республика- сының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысандары: