Қызметті тоқтата тұру кезеңінде ЖК-да өз қызметін қайта бастау қажеттігі туындаса, ол қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жеріндегі салық органына салық есептілігін ұсынуды қайта бастау туралы са- лықтық өтінішті ұсынады. Бір мезгілде ЖК-да кезекті салық есептілігін ұсыну қа- жеттігі туындайды.
Мысалы, ЖК Исаев 2018 жылғы 1 наурыздан бастап 2019 жылғы 1 наурызға дейін қызметті тоқтата тұруға рұқсат алды. 2018 жылдың тамыз айында ол өз қыз- метін қайта бастау туралы шешім қабылдап, салық органына қызметті қайта бастау туралы өтініш берді. ЖК-да 2018 жылғы 2-жартыжылдыққа 910.00 нысаны бойын- ша декларацияны тапсыру міндеттемесі туындайды.
Патент негізінде жұмыс істейтін ЖК да патент құнының есеп-қисабын ұсыну арқылы қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін оны қайта бастауы мүм- кін, бұл жағдайда ол патент құнының есеп-қисабын ұсыну күнінен бастап қызметті қайта бастады деп есептеледі.