Тексеруді жүргізу мерзімі алда тұрған жұмыстардың көлемін, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъек-
тілері үшін – бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сон- дай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін – отыз жұмыс күнінен аспауы тиіс. Бұл тізімге салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, төменде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімдері белгіленген Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген салық тексерулерін жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайлар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологи- ялық саламаттылығы саласында, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында, құрылыс объектілерін- дегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулер кірмейді:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзарты- латын;
ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұ- мыс күніне дейін ұзартылатын;
құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техни- калық күрделілігін ескере отырып.