Тексеру нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасы екі данада тексеру нәтижелері туралы акт толтырады.
Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескер- тулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.