Кез келген кәсіпкер тексерулер туралы нені білуі керек?
Тексеруді бастау алдында тексеруші мынадай құжаттарды көрсетуге міндетті:
өз облысыңыздың (қалаңыздың) Құқықтық статистика және арнайы есеп ко- митетінде тіркелгендігі туралы мөртабан басылған тексеру тағайындау туралы акт;
қызметтік куәлігін;
тексеруге жатқызылатын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру па- рағын.
Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалардың тек- серу жүргізуге құқықтары жоқ.
Тексерудің басталған күні ретінде тексеру тағайындау туралы актіні ұсынған күн есептеледі.
Тексеру 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс (мерзімі СК 629-бабымен реттелетін салық тексеруін қоспағанда). Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемінің көптігімен байланысты, тексеру жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органының басшысымен (не оны алмасты- рушы тұлғамен) тек бір рет қана отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, салық тексеруін жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда.
Сіз өзіңізді тексерудің заңдылығын Qamqor мобильдік қосымшасында неме- се төменде көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасының Бас про- куратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің Ақпарат- тық сервисінің «Сіздің бизнесіңізді тексерудің заңдылығы» бөліміне жүгіну арқылы тексере аласыз.
Тексеру аяқталғаннан кейін тексерушілер 2 данада тексеру нәтижелері туралы акт толтырады, оның біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер мен қарсылықта- рыңыз бар болса, сіз оларды жазбаша түрде баяндай аласыз, олар актіге қоса тір- келеді.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі коми- теті әзірлеген «Qamqor» мобильдік қосымшасы сіздің бизнесіңізді заңсыз тексеру- лерден қауіпсіздендіреді:
егер сізді тексеруге келіп тұрса, сіз қандай да бір мемлекеттік органның (СЭС, өрт қызметі, салық тексеруі және т.б.) тексеруінің заңдылығын тексере аласыз.
сіздің компанияңыздың мекенжайына жоспарланған тексеру шығатыны тура- лы сіз алдын ала хабардар етілетін боласыз.
Android мобильді қосымшасы үшін қолжетімді. (https://play.google.com/store/ apps/details?id=com.zerotoonelabs.businesssupport&hl=ru), сондай-ақ iOS үшін (https://appsto.re/us/tOyoib.i)
«Qamqor» мобильдік қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатасыз
Тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізесіз (авторландыру міндетті емес)
Тексеру тақырыбы, мерзімдері және т.б. туралы толық ақпарат аласыз.
Заң бұзушылық болған жағдайда, қосымша арқылы шағым жолдайсыз.
Мобильдік топ келіп түскен шағымды қарайды.
Егер тексеру заңсыз болатын болса, тексеру күшін жояды және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.
Қосымша жоспарланған тексеру туралы алдын ала ескертеді, ол үшін төмендегі іс-қимылдарды орындау керек:
ЖШС немесе ЖК ретінде тіркелу
Сіздің ЖШС/ЖК-ге жаңа тексеру тіркелген кезде, сіз PUSH-хабарландыру аласыз.
Бұдан басқа, егер сіздің сұрақтарыңыз бар болса, сіз қосымшаның онлайн-ча- тында Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің қызметкер- леріне жаза аласыз, сондай-ақ тексерулер туралы барынша өзекті сұрақтарға жа- уаптар таба аласыз.