Ашық нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) – әзірленетін заң жобаларын, мем- лекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бірыңғай алаң.
Ашық бюджеттер– бірінші кезекте мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы азаматтардың түсінігін жеңілдету үшін және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициясын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған портал.
Ашық диалог– мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байла- нысты орнатуға арналған алаң.
Сұрау салуға қол қоюдың екі жолы бар.
ЭЦҚ көмегімен
SMS-код арқылы – өтінімді жібергенде, сіз электрондық үкімет порталында тіркелген телефон нөміріне SMS-хабарлама ретінде жіберілетін кодты толтыру арқылы өтінімнің сізге тиесілі екендігін растауыңыз керек (SMS-хабарлама алу тегін).