Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет72/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

15.1. Жаңғыру және урбанизация
15.2. Миграция және Жаһандық урбанизация.
15.3. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері.
Урбанизация
Біздің көптеген әлеуметтік институттарымыз аграрлық қоғамдардан, яғни түрғындардың басым бөлігі тұрып, жұмыс істейтін ауылдық жерлерден бастау алады. 1850 жылдың өзінде дүниежүзіндегі халықтың небары 2 пайызы ғана 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда өмір сүрді. Бүгінгі уақытта дүниежүзі халқының жартысынан көбі және АҚШ тұрғындарының 80 пайыздан астамы қалалар мен астаналық аудандарда өмір сүреді.
Қазақстандағы урбанизация және үш миллионер қала
2019 жылы 1 ақпанда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны 58,1%-ға жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен. Сонымен бірге үш миллионер қала пайда болды: Алматы (1 856 480 адам), Астана (1 080 298 адам), Шымкент (1 011 538 адам).

Тәуелсіз Қазақстанда қалалану төмендегідей жүрді


Бірінші – жағымды жағы: тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО кезінде Қазақстанға жер аударылған миллиондаған халық өз атажұрттарына қайтты. Сол кезде жұмыс іздеген халық босап қалған зауыт-фабрикаларға жиналды. Осылайша қаланы қазақыландыруға мүмкіндік туды.
Екінші –жағымсыз жағы: Қазақстандағы ауыл-шаруашылық кооперативтері, колхоздар мен совхоздар жекешелендіріліп, ауылдағы халық жұмыс көзінен және ішер астан тарығып, қалалы жерлерге үдере көшті. Алайда нарықтық құн көзқарасына, базар шаруашылығына үйренбей, ауыр дағдарысты бастан кешірді, кейбірі әлі күнге дейін қалада үйсіз-күйсіз жүр.
Үшінші, саяси жағынан алғанда, облыстарды және кейбір аудандарды біріктіру немесе жою, Астананы солтүстікке көшіру де халықтың ағынын тудырды.
Сол кезде оңтүстіктегі және жабылған облыс-аудандардағы жүз мыңдаған адам облыс не аудан орталықтарына, құрылыс жүріп жатқан Астана қаласына ағылды. Осы арқылы солтүстік өңірлердегі халықтың үлесін арттыру, елдің тұтастығына қауіп төндіретін мәселелердің алдын алу жағынан өте маңызды қадамдар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет