Аз және көп халық. Өмірге келу және қайтыс болу - осы екі оқиғаның маңызына сай келер басқа ештеңе жоқ. Әлбетте кім де болса әуелі өзінің туған күні туралы толғанып, бақилық боларына алаңдайды. Біздің өмірімізге айналамыздағы адамдардың дүниеге келуі мен қайтыс болуы да эсер етеді.
Халық жайлы зерттеулер демография саласына тиесілі екені белгілі, ал оны зерттеушілерді демограф деп атаймыз. Демографгар негізгі үш мәселеге көңіл бөледі: олар - туу, өлім және миграциялық үлгілер. Біз осы үш мәселені, сонымен бірге қауымдастықтағы қоғамдық қарым-қатынасқа халық санының ықпалын қарастырамыз. Әсіресе туу, өлім және қауымдастық көлемінің әлеуметгік құрылымдарға және керісінше, әлеуметтік құрылымдардың туу, өлім және қауымдастық көлеміне ықпалын назарға аламыз.
Қазіргі кезде дүниежүзіндегі халық саны 7 миллиард шамасында. Көрсеткіш 200 миллон шамасында артық не кем болуы мүмкін. Бүл 1950 жылғы көрсеткіштен екі жарым еседей көп. Халық санының өсуіне екі себеп бар. Біріншіден, әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім корсеткіші соңғы кезде едәуір азайған. Нәрестелердің шетінеп кетуі сиреді, ал ересектердің өмір жасы үзарды. Сонымен қатар әрбір 1000 әйелге шаққандағы фертильділік (бала тууға қабілеттілік) көрсеткіші өзгеріссіз қалды деуге болады. Тұрғындар санына шаққандағы туу көрсеткіші де солай. Бір сөзбен айтқанда, туу көрсеткіші өлімнен әлдеқайда жоғарылап, жыл сайын әлемде адам саны көбейді. Адам саны көбейген сайын миллиондаған халық кедейленіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қиынға соға бастады. Қоршаған орта ластанып, табиғи ресурстар сарқыла түсті.
Осы мәселелердің салдарынан миграция пайда болды: адамдар бір географиялық орыннан екіншісіне ауысады. Тұрғындардың жайлы қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші «ішкі миграция», ал мекен- жайын мемлекеттер арасында ауыстыруы «иммиграция» терминімен белгіленеді.
Халық санының өсуін түсіну
Жер бетіндегі адам саны күн сайын өсіп жатыр. Дүниежүзі бойынша 2011 жылы туу көрсеткіші әрбір 1000 адамга 20-дан келетін, ал өлім көрсеткіші әлдеқайда томен еді: 1000 адамға 8-дентіркелді. Демек, туу көрсеткіші 12 адамға артық болғандықтан, элем халқы жүзіне 1,2 немесе 1,2 пайыз еселенді. Егер қолдағы қаражатыңыз жылына 1,2 пайызбен өсіп отырса, сіз үшін бүл сөзсіз баяу өсім болар еді. Алайда халық саны үшін 1,2 пайыздық өсу қарқыны - ғаламшар тұрғындарының саны 2050 жылы қосымша 2,6 миллиард адамға артады дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |