7. 11-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
10-сыныптағы математика курсынқайталау;
«Алғашқы функция және интеграл». Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Интегралдау әдістері. Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы;
«Математикалық статистика элементтері». Бас жиынжәнетаңдама. Дискреттіжәнеинтервалдывариациялыққатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойыншабағалау;
«Дәрежелер және түбірлер. Дәрежелік функция». n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Иррационал өрнектерді түрлендіру. Дәрежелік функция, оның қасиеттері және графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы менинтегралы;
«Иррационалтеңдеулер мен теңсіздіктер». Иррационалтеңдеулер мен олардыңжүйелері. Иррационалтеңсіздіктер;
«Комплекс сандар». Жорамалсандар. Комплекс сандаранықтамасы. Алгебралықтүрдегі комплекс сандарғаамалдарқолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері. Алгебраның негізгітеоремасы;
«Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар». Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі. Санның логарифмі және оның қасиеттері. Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі. Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы. Логарифмдік функцияныңтуындысы;
«Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер». Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері. Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдіктеңсіздіктер;
«Дифференциалдық теңдеулер». Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы мағлұмат. Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдықтеңдеулер;
10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамаларыкурсынқайталау.