Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата05.12.2023
өлшемі3,19 Mb.
#195155
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
0d581f528880c6ae74bf3685d2ef0add



Әбді-Жамил Нұрпеис
Қан мен тер
трилогия
Алматы
2015


УДК 821. 512.122-3
ББК 84 (5 Қаз)-5
Н 86
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер: 
Трилогия. 
Ә. Нұрпеис. 
Қан мен тер,

“ҚАзақпарат” баспасы

Алматы: 
2015. – 
960 б.
Жазушы «...тағы қарасам, тағы да өзге рістер енгізетін тәріздімін» 
дегенді осыдан он бір жыл бұрын айтқан екен. Міне, сол күн, күн емес-
ау, айлар мен жылдарға созылған ұзақ уақыттан кейін бұл шығармаға 
қайта қауышып отырсыздар.
Араға уақыт салып қолдарыңыздағы «Қан мен тер» трилогиясымен 
қайта қауышқандарыңыз құтты болсын, оқырман!
ISBN 978-601-03-0297-6
УДК 821. 512. 122-1
ББК 84 (5 Қаз)-5
© Ә, Нұрпеис С., 2015
© «ҚАЗақпарат», 2015
ISBN 978-601-03-0297-6
Н 86


3
Алғысөз орнынА
Қазақ сөз өнерінің елшісіне айналған роман жанрындағы 
ірі туынды – М. Әуезовтің өзі көзі тірісінде үлкен үміт артқан 
санаулы шә кірттерінің бірі Әбді-Жамил Нұрпеистің «Қан 
мен тер» трилогиясы. Отыз жылдан астам уақыт бойы қазақ 
оқырманының көзайымына айналып келе жатқан, көптеген 
шет ел тілдеріне ауда рылған бұл шығарма – қазақ романының 
клас сикалық үлгілерінің бірі екені даусыз. Ол – ел-
жұртымыздың жиырмасыншы ғасыр-дағы ке зең дік болмыс-
бітімін көркем кестелеуінің үстіне, халқымыздың 
эстетикалық-философия лық дүниетанымын әлемдік әдебиет 
деңгейінде игерудегі ізіашарлық дүниелердің бірі...
... Бір ғажабы – Ә. Нұрпеис қалың оқырман жүрегіне 
жол тапқан осы романның соңғы нүктесі ілі қойылған жоқ 
деп есептейді. Сол көзқарасына орай, ұдайы қайта қарап, 
жетілдіріп келеді. Көзі қарақты оқырман бұл басылымдағы 
өзгерістерді де қалт жібермесі анық. Олардың арасында 
көлемді, принципті түзетулер де бар. Мысалы, бұрынғы ба-
сылымдарда көбірек орын алатын соғыс көріністері азайған. 
Басқа да құрылымдық өзгерістер кездеседі. Тәңірберген 
образына қатысты кейбір бояулар да біршама өзгерістерге 
ұшыраған. Стильге, сөз қолданысына орай енгізілген 
түзетулер де аз емес. Бірден көзге ұратыны – роман тілі 
шыққан балаға шайнап берушілік» тұрғысындағы қазбалап 


4
айтушылықтан, кейбір көп сөзділіктен арыла түскен. Автор 
шығарма туған кезең қолтаңбасындай көрінетін заманы өткен 
таптаурын кеңестік идеологиялық штамп белгілерінен де бас 
тарту жөн деп санағаны байқалады. Бұл өнер табиғатының 
төлтума бояуларын қалыңдата, айшықтандыра түсуге қызмет 
ететін дұрыс таңдау, әрине.
Бұл өзгерістерден әйгілі туынды ажары ның қаншалықты 
ашыла түскенін, автордың қаншалықты ұтқанын әрбір 
оқырман өзінше бағалай жатар. Бірақ бір нәрсенің басы 
ашық. Ә. Нүрпеис – өз шығармаларын бір рет қол қойғаннан 
кейін қайта оралмайтын .кім деп емес, автормен бірге жасай-
тын, автордың дүниетанымымен, эстетикалық көзқарасымен 
бірге өзгеріске ұшырап, өсіп-жетіліп отыратын жанды полот-
но деп білетін суреткер. Былайша айтқанда, «өнерім – өзім, 
өзім – өнерім» деген қағиданы творчестволық принципке 
айналдырған жан. Онымен келісетіндер де, келіспейтіндер де 
аз болмаса керек. Оқырман үшін маңыздысы – сол тоқтаусыз 
ізденістің нәтижесі болса керек.
Жазған туындысына әлсін-әлсін қайта оралып, 
өңдеп отыру, тіпті, кейде мүлдем қайта жазып шығу – 
әлем әдебиетінің тарихында бар құбылыс. Өзгесін былай 
қойғанда, ұлы Л. Толстойдың өзі солай жасаған және оны бір 
сенімсіздік, немесе, артық бейнет санамаған. Жарияланған 
шығармаларының өзі ірі-ірі тоқсан томға жүк болған жазушы 
атақты «Анна Каренина» романының, бір деректер бойынша 
– алты, енді бір деректерге қарағанда сегіз нұсқасын жасаған 
екен. «Крейсер сонатасының» да сегіз нұсқасы дүниеге кел-
ген. Ал «Корней Васильев» деген әңгімесі он үш рет өңдеуге 
ұшыраған. Тіпті, бір мақаласының жүзден астам нұсқасын 
жасаған деген де дерек бар. Басқа да жиі қайталанатын, 
хрестоматикалық болып кеткен мысалдар аз ба?!
Әрине, бұл жерде мәселенің мәселесі – жауап-
кершілікке ғана байланысты. Творчество иесінің өз өнеріне, 
өз шығармасының тағдырына аса зор жауапкершілікпен 
қарауында жатыр. «Өнер суреткерге әлемнің ешбір 
билеушісіне бұйырмаған билік сыйлайды» дейді Я. Паран-


5
довский. Солай болса, жазушы жауапкершілігінің салмағы 
да айрықша болса керек. Оны ерекше сезіну суреткерлік 
сергектік пен творчестволық өміршеңдік белгісіне жатады.
Бұл орайда, Ә. Нүрпейісті өз өнер гүл зарының, өз 
өнер бағының өнегелі қожайынымен теңеуге болады. Ол өз 
сүйіктілерін әлдеқайдан жел айдап әкелген өлі жапырақтан 
да, топырақ астына байқаусыз түскен басы артық тал-
бұтадан да көзінің қарашығындай қорғауды мұрат тұтады. 
Қажет деген жерінде одан әрі көркейтіп, жасандыра түсуге 
де бейіл. Оған шаршамайды да, жалықпайды да. Сондықтан 
да оның «осы басылымға қолым қаттырақ тиді. Бірақ тағы 
қарасам, тағы да өзгерістер енгізетін тәріздімін» деген 
шығармашылық көңіл күйін де түсінуге әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет