Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата05.12.2023
өлшемі3,19 Mb.
#195155
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
0d581f528880c6ae74bf3685d2ef0add

ербол ШаЙмерДеНҰЛЫ.
2004 жыл, 8 желтоқсан.


6
БіріНШі кітап
ЫмЫрт


7
«Друзья мои! Чтобы живо чувствовать 
в с ю д е р з о с т ь ч е л о в е ч е с к о г о д у х 
а, надобно быть в открытом море,
где одна тонкая дощечка, как говорит
Виланд, отделяет нас от блаженной
смерти»
карамзин.
«Остров Борнгольм».
БіріНШі БӨЛім
– Бетім-ай!.. Масқара-ай!..
Тырыли арық Қарақатын жерқазбаға та нау рап 
сөйлей кірді. Құшағындағы отынды аласа қазандықтың 
жанына аудара тастады. Салпы етек бөз көйлектің бір 
шалғайын жоғары көтеріп ышқырлығына қыстыра 
сал ды да, қызыл қарын жас немересін алдына алып 
ыңылдап отырған қайын ененің қасына қол таяна тізе 
бүкті.
Жерқазбаның терезесі дәл төбесінде; оған шелін 
алған шыңылтыр қой қарнын тұтқан-ды; батып 
бара жатқан күннің соңғы сәулесі қой қарнынан 
өлеусіреп қана түсіп тұр. Үй іші күңгірт. Қарт ананың 
жүзі көрінбейді. Тек қақырадай биік ақ жаулығы 
бозғылданады.
– Ене-ау, не есіткенің бар? Әлгі Қаратаздың... 
қойлы таздың інісі бар емес пе? Тәңірберген деген 
сері інісі бар еді ғой – деп, Қарақатын енесіне қарай 
тағы бір ысырылып отырды. Сонан әрі бейуақ кешті 
біртүрлі құпиялы сырға бөлеп, ерні сүйреңдеп 
сыбырлай сөйледі. – Не басыңды ауыртайын сенің. 
Сол сері жігіт кеп, Еламанның үйіне түсті. Аты қара 
тер. Қанжығасында бір қоян, бір түлкісі бар. Қояны ақ 
тушадай-ау, ақ тушадай! Ақбала сыртқа шығып, сері 


8
жігітті аттан түсірді. Ал екеуінің қалай көріскенін 
көрсең... Масқара-ай!.. Бетім-ай! О, жүзіқара! О, 
қарабет!..
Қалың киімді біреу жерқазбаның аласа есігіне 
сыймай, үсті-басы сықырлап кіріп келе жатты. 
Қарақатын тезірек от жағып жібермек болды. Оттық 
іздеп жанталасып жүріп, жолда тұрған қара құманды 
қағып кетті. Онан шелекке, легенге сүрініп, үй іші 
даңғыр-дұңғыр болды да қалды.
– О, көк тігілгір! О, қара байланғыр! Есіз қалғырдың 
мүлкі, түге. Тап жаңа ғана тап-тұйнақтай ғып, орын-
орнына жинап қойып едім. Баласы құрғырлар-ау 
жүретін жолға қойған.
Үй иесі үнсіз. Осының бәрін күнде-күнде көріп, 
есітіп жүргесін әбден еті өліп кеткен. От басының 
берекесіз ластығына, қатынының салақтығы мен 
шаңқылдаған ащы даусына да үйренген-ді. Ол қолына 
ұстай кірген бір асымдай тоң балықты босағаға тастай 
салды. Сонан соң жеңінің аузына мұз қатқан су-су 
киімін босағада тұрып шешіп, етігімен төрге шықты.
Қарақатын бықсып жанбай жатқан отты үрлей 
түсті де, әлденеге мырс етті:
– Еламанды айтам-ау!.. Сорлының үйі бүгін сонша 
ұятты қалай көтеріп тұр екен?
Ақкемпір келініне көз қиығын тастап: «О, 
Құдайым! – деді ішінен, – қайтейін!.. Бұ да өз ге ге 
күледі, өзіне күлетін кісі жоқ па екен сонда»
Қарақатын отты тастай сала енді күйеуінің асты-
үстіне түсіп, жалпылдап:
– Бізді асыраймын деп жаныңды жалдап жүрсің. 
Күнұзын нәр татпаған кісіде әл қайдан болсын. Кел, 
етігіңді тартып жіберейін, – деп еді.
– Өзім шешем! Асыңды болдыр! – деді Дос.


9
Қарақатын осы ауылда Ақбаламен өш. Ақ баланың 
жастығын, сұлулығын көре ал май ды. Бәрінен бұрын 
күйеуі ұрысқан са йын: «Өзіңдей ана Ақбалаға қараш! 
Жүріс-тұрысына ішпей-жемей ырза боласың» – деп, 
сұлу келіншекті ылғи да бұның бетіне салық қып 
басатын.
– Еламанның үйі жаққа көзің түсті ме?.. – деді 
Қарақатын сиқырлы жүзі жымыңдап, – Ақбаланы 
айтам-ау... Күйеуінің көзі тірісінде, тапа-тал түсте 
сыртқа шығып, сүйген жігітін күтіп алып... Сонда, ол 
сорлы еркектің кәде сі не жараса екен-ау! Анау, шытыр 
жеген түйедей шермиіп отырған түрі.
– Әй, жетер! Қой енді! – деді Дос етігін шешіп 
жатып.
Қарақатын 
қолындағы 
көсеумен 
ошақтың 
аузындағы шаңды бұрқ еткізіп салып қалды.
– Қой, қой деп маған қожаңдағаны несі! Маған 
қойғызғанмен ел аузына қақпақ бола алмайсың. Әне, 
басына желек түскесін де қыз күніндегі желігін жасыра 
алмай жүр.
– Әй, қоясың ба, жоқ па?
– Ал, қоймаймын. Айта берсең, осы жұрт 
Ақбаланың ішіндегі баланы да Тәңір бер гендікі...
Дос қолындағы байпақты етікпен қатын ды көк 
желкеден қойып қалды. Желкеге ти ген зілдей етік 
Қарақатынның жұлынын үзе жаздап, көзінен жас 
ыршып кетті. Дос қо лындағы етікті қайта сілтей 
бергенде Ақкемпір ұстай алды да, есікке қарай 
лақтырып жіберді.
– Тарт қолыңды! Берекетін алма отымның басының!
Дос тіл қатайын деп еді, Ақкемпір ақырып, тыйып 
тастады:
– Тыңдамаймын сөзіңді. О заман да бұ заман, жа-


10
ман қатынды сабап жақсы еткен еркекті көргем жоқ.
Қарақатын күйеуінің енді қол қата алмасын білді 
де бүк түсіп отыра қап, ошаққа маңдайын сүйеп 
солқылдап жылады. Ол, әрине, көз жасымен күйеуінің 
жүрегін жібіте алмасын білді. Үй ішінен өзіне 
жақтасатын жанашыр да іздеген жоқ; долы қатын дәл 
осы арада өзінің дәрменсіз сорлылығын мойындап, 
сағы сынып налып жылап еді. Үй ішінің лаңынан 
запы боп жүрегі шайлығып қалған балалар әлден 
үрейі ұшып, шырқырап жылап, күн батар алдындағы 
дәл осы бір шам жақпай, бұрыш-бұрышқа көлеңке 
үйірілген қоңыр кеугім үйдің іші әп-сәтте азан-қазан 
болды да кетті.
Дос далаға жүгіріп шықты. Босағада сүйеулі тұрған 
тоң шотты қолына ұстай ұмтылып еді. Томырық дөкір 
жігіттің ашу үстінде бір лаңды істеп салуы мүмкін еді. 
Бірақ үйіне жақындап келіп қалған Еламанды көрді 
де, қолындағы сығымдап ұстаған шотты лақтырып 
жіберді. Ол тек Еламанның үйі алдында қаңтарулы 
тұрған күміс ер-тұрманды бәйгі күреңге жалт етіп 
тістене қарап:
– Туһ! Неше, сірә, қатынжанды болғанда да... – деді 
де, жалғыз топсаға әрең ілініп тұрған жаман есікті 
теуіп ашып, ішке кірді.
* * *
Бас тоқсан кіргелі алдақашан. Бірақ, көптен 
бері күн жылымықтанып, ұлы теңіз әлі де ұстаса 
қойған жоқ-ты. Биылғы жел біртүрлі есірік. Жағалау 
қаймақтанып, кілегейлене бастаса-ақ, арқадан шыққан 
қатты жел әлсіз мұзды бет ашыққа айдап, қуып әкетіп 
тұрған. Тек кешеден бері күн ызғары шұғыл қатайып, 
бір түннің ішінде Тұщыбас бұғазы көз ұшына дейін 


11
ұстасты да, қазандық балық үшін бастарын қатерге 
тіккен Еламан, Мөңке, Дос, Рай мұз үстіне шығып жүр. 
Әлсіз мұз сәл салмақ түссе де майысып, сықырлап 
қоя беретін болғасын, бұлар мұзға шыққасын бір жерге 
шоғырланбай тобын жазып, үшеуі үш жаққа бет бұрды. 
Онда да тереңге бармай, аз ғана ауын теңіздің тайыз 
басына салып, үй ішінің кешке қазан қайнатқанын 
нәпақа көріп жүрген-ді.
Бұған Еламан дән ырза. Екіқабат әйеліне жас 
сорпа ішкізгенге мәз. Қолтық ұстасқалы ұйқысы 
қашып кетті. Таң атар атпаста оянады. Ұйқтап жатқан 
Ақбалаға көз қиығын тастайды да, төсектен абайлап 
ақырын түседі. Үй ішінде де ақырын қозғалып, кеше 
жатарда пешке жайып қойған киімдерін киеді. Түннен 
қалған бірдеңені талғажау етеді де, өздері «жылауық» 
деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашар 
жерде артына бұрылып, ұйқтап жатқан әйелі жаққа 
тағы бір көз тастап барып сыртқа шығар еді. 
Түнде жел тұрған ба, таяуда жауған көбік қардың бет 
жағы борап, қайсы бір жерлердің мұзы жалаңаштанып 
ырсиып қапты. Еламан жағалауға салған бір тартым 
аудың құлағын ұстады. Осыдан күні бойы жалғыз. 
Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, 
маңайдағы кісі-қараның бар-жоғын байқамайды. 
Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние 
арасында жабырқау ойды жанына серік қып жүріп өмір 
жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз 
үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. 
Әке-шешеден ерте айрылды. Әкесімен бірге туған 
ағасы – Есбол кәрия бұл арадан бір күншілік жерде. 
Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі 
жанашырдан – немере інісі – Рай. Бірақ, ол әлі жас. 
Өзі сияқты әке-шешеден жастай жетім қалды да, кәзір 


12
қарт әжесімен екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі 
балықты етігінің тұмсығымен теуіп, әрегірек ысырып 
тастады да, аудың арқалығын ұстады. Қас қараймай 
тұрғанда үйге тезірек жеткісі кеп еді; бірақ, жалғыз 
кісіге ой үйір ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне 
түсті. Тік бақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. От 
басына да мазасыз. Сыртына зәр жиып, жыландай 
ысқырып отыратын тік мінез, тентек шалдың қай 
жағынан шығарын білмей, үй іші қыпылдап отырады. 
Еламанды да «балықшы» деп атап, әр сөзін әзілге 
шаптырып, осқырынып отырғаны. Кеше де қатынаған 
біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам» 
деп хабар жіберіпті.
Бұған Ақбала қатты қуанды. Қыз дәурені қырда 
өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмай жүр. 
Бұл жақтың жазы аптап, ыстық. Маса. Сона. Балық 
сасыған ауа да жат. Балықшы ауылға келін боп түскелі 
сыртқа шықпай, үйге тығылып алды. Ауыл-үйдің 
арасында ала көз, күңкіл көбейіп, күндес қатындар 
жас келіншекті әр саққа жүгіртті. «Жабайы» деді. 
«Тәкаппар», «менмен» деді. Бұндайда, әсіресе, үйі 
іргелес отырған Қарақатынның құдайы береді. Үйде 
де, түзде де қыз кезіндегі сәні мен салтын тастамай, 
сылаңдап сыртқа шыққанын көрсе болды, Қарақатын 
жалма-жан ернін шығарып: «Тұтақ» дер еді. «Адыра 
қал! Күнде қыз болғанда бұл ауылда кімнің көзіне 
түсем дейді екен?»
Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт 
етпей, миығынан күлер еді де, қояр еді. Әлдеқалай 
сыртқа шыға қалғанда әлгі сөз тасып сыпсыңдаған 
сумақай қатындарды көргенде, кім білсін, әйел 
нәсіліне тән сайқалдық па, әлде ауылдас әйелдер айтса 


13
ай
тқандай менмен тәкаппарлық па, әйтеуір миығына 
мысқыл шаптырар еді де, сосын әлгілердің алдынан 
әдейі тәкаппар басын тік ұстап, іші күйсін дегендей 
аяғындағы қазық өкше етікті сықырлата басып, 
аналардың алдынан өтер еді. 
Байдың қызы болмаса да Ақбала бұрын дәл бұндай 
өмірді көрген емес. Бұрын, ой дәурен-ай, өзінен бұрын 
мал жайын ойлап қыста теңіз жағасын сағалаған қалың 
ел көктем шығар-шықпаста қырға қаптай көшер еді. 
Бірі ілгері, бірі кейін көшкен елдің алды кең жайлауға 
аяғы қалай ілікті, солай оты, суы мол салқын сабатқа 
аппақ үйлерді бірінен-бірін оздырып қаз-қатар тізілтіп 
тізер еді. Қатар қонған екі ауыл, кейде үш ауылдың 
үлкендері қонаққа шақырысып, ана жақта келелі кеңес 
құрып жатса, мына жақта суға барған қатындар құдық 
басында шұрқырасып, ымы-жымы ыңғайласып, ыдыс-
аяқтар араласа бастар еді; жастар жағы бәрінен бұрын 
жол тауып, күннің батқанын асыға күтер еді де, қалай 
қас қарайды, солай ауыл сыртындағы жасыл төбенің 
астында бас қосар еді; сонан қашан жазғы таң сары 
белден ағарып атқанша ақсүйек ойнап, алтыбақан теуіп, 
ән шырқап, ұлы дүрсіл салар еді ғой. Қыста қалың 
түскен қар қайсы бір жылдары көктем шығар-шықпаста 
қауырт еріп, көл табанға жиналған ағыл-тегіл мол суда 
қаз, үйрек сатырлап ұшып-қонып қиқу caп жатар еді. 
Кең жайлау шұбартқан мал. Сағым ойнаған салқар 
даланың сонау шетінде, көз ұшында тырнадай тізіліп 
көш кетіп бара жатар еді. Мына жақтан салт атты 
жолаушы сылаң етіп шыға келер еді. Сонан ол бір 
қырдан бір қыр асып жуық арада қарасы көзден үзіліп 
болмас еді. Ол кім? Қай елден шықты? Қайда асығып 
барады? Алдында әлде үміт, әлде бір аңсаған арман 
күтіп тұр ма? 


14
О, дариға, көктемде бір көрінген қызғалдақтай 
қыз байғұстың басындағы қып-қысқа дәуреннің несін 
айтасын! Қырда отырған ауыл кешкісін өрістен мал 
келерде кәрі, жас дүрлігіп, сүріне-қабына сыртқа 
шығар еді-ау! Өрістен қайтқан малдың алдында 
ботасы ауылда қалған жас інген жер түбінен боздап, 
сиырлар мөңіреп, қойлар маңырап, ауыл үсті әп-сәтте 
азан-қазан болар еді де, үй болған үйден қарына шелек 
ілген әйелдер шығар еді; тұлымы желкілдеген кіп-
кішкентай Ақбала да анасына қолқабыс беріп, өздеріне 
қараған аз ғана саулықтың қозыларын көгендеп, аяғы 
аяғына тимей зырлап жүргені. Сонан қашан сауын мал 
сауылып болғанша бұған да тыным жоқ, тек сонан бір 
кезде көз байланып, ымырт үйіріліп ап-сап болғанда 
ғана ошақта от жанып, үй-іші кешкі аста бас қосып, 
дастархан басына жиналар еді; ол өмірдің несін 
айтасың! Ірге түрулі. Есік түсірілген. Түндік ық беттен 
жарылай ашылған. Үй іші асқа отырғанда сыртта 
көген басында жатқан қойлар мекіренеді. Оқта-текте 
түйе пысқырады. Көшпелі өмірдің бұ да кішкентай 
бала кезден қанға сіңген қимас бір қызығы еді ғой! 
Кім білсін, соны ойлай ма, Ақбала қазір тіпті 
көңілсіз. Бір жолы жылап отырған үстінен шықты. 
«Төркін жұрттан жайсыз хабар есітті ме?». зәресі 
ұшқан Еламан: «Не болды? Жайшылық па?» – деп еді, 
Ақбала ләм демей, сырт айнала бере жасын сүртті. 
Қипақтап қасынан кетпей қойған бұған көзқиығын 
салмастан сыртқа шығып кетті. Сонан бері бұнда маза 
жоқ. Күн ұзын теңізде. Кеш түскесін, бірде ерте, бірде 
кеш үйге келгенде табалдырықтан аттай бере бірден 
Ақбаланың ажарына қарайды. Үндемесе де, ішінен 
азып жүр. Қандай да жанын жеген дерт... Ол бұның 
өзіне аян: қыр мен ойдағы елге пәш болған Ақбала 


15
мен бай ауылдың жас мырзасы арасындағы әлі де 
үзіле қоймаған махаббатты білсе де, бұл тілінің ұшына 
алмады. Ақбаланы аяды. Сүйеу қартты сыйлады. Өз 
дегені болмаса, өзгенің дегенін құлағына ілмей, осқыра 
тыңдап, қолын бір сілтеп жүре беретін қиқар шал «ақ 
батамды бұзбаймын» деп, қызын балықшы жігітке 
қосты. Тағдырдың кесігі солай болып, шарасыздық 
басқа түскесін амал қайсы, Ақбала лажсыз көнген-ді.
Ой қажытты ма, кешке қарай Еламан өз денесін өзі 
әрең қозғады. Бартиып іскен саусақтар икемсіз. Кешкі 
қатқыл жел іштен шыққан демін ақшудалап ыққа қарай 
әкетіп тұр.
Кешкі ымырт тез тұтасып, төңірек тұнжырай 
бастады. Еламан ертең болмаса, ауды бүгін басқа 
жерге аударып салуға үлгіре алмасын білді. Шынында 
да, бұл кезде батып бара жатқан күн алыстағы жалдың 
біріне иегін сүйеп, еңкейіп қалған еді. Құбыла бет 
тұтас қызарып, жел жыртып дода-додасы шыққан 
бұлт батар күннің шапағына бауырын бояп алаулап 
апты. «Апырай...» – деп, Еламан құбыла беттен көзін 
алмай, ұзақ қарады. «Апырай, ә?!. Не қылса да, кең 
әлемді құшағына алып тұтасып келе жатқан мына түн 
қараңғылығына жол бермей, жанталасып шарпысып 
жатқан жер бетіндегі жалғыз тірлік осы-ау! Ендеше, 
өмір мен өлім сияқты қараңғы мен жарық та бірін-бірі 
кезек жеңіп, тірлік үшін бұлар да тартысып жата ма, 
қалай? Сонда, бәтір-ау, әр тірлікке төнер бір-бір зауал 
болғаны ма? Ана қараш, кезегі келгенде күн басына 
да зауал төніп, қара кебінге оранып, бар әлем тіл тарт-
пай, түн құшағына кіріп бара жатқандай...»
Еламан күрсінді де, балық салған қапты көтеріп 
иығына салды. Бүгін күні бойы әйелін ойлап, мазасы 
болмады. Үйге жеткенше асығып, бет жағын кірбік қар 


16
шалған мұзды тайғанақтап басып келеді. Табанына нәл 
қаққан байпақты ауыр етіктің астына түскен қиыршақ 
қар қышыр-қышыр. Ойында Ақбала. Теңізге шығар 
алдында отын-суын ішке кіргізіп беріп кетсе де, алды 
түн болғасын күні жуықтап қалған жас келіншек 
жалғызсырап, елегізіп қалды ма деп қорқа береді. 
Осы күні Ақбала қатты кіржисе де, зәресі қалмайды. 
Бойына біткен балаға, не өзіне зақым бола ма деп, сәт 
сайын жүрегіне суық үрей шабады. Өзі түзде жүргенде 
келіншегінің қасында бас-көз боп отыратын естияр 
біреудің болмағанына қынжылады.
Еламан үйінің алдына кеп тоқтаған салт атты 
біреуді көріп келеді. Іштен ақ көйлекті әйел шықты. 
Ат тізгінін ұстады. Кім болды екен деп ойлады. Кім 
де болса, сыйлы адам. Басқа кім дейсің. Кім болды 
екен? Сүйеу қарт шығар. Қайтсін, пақыр, баласын 
көргенше шыдамай, уәделі күннен бұрын келген 
болды ғой. Еламан екі көзін қонақтан айырмады. Әне, 
Ақбала жолаушыны алып ішке кірді. Іле-шала шолақ 
мұржадан түтін бұрқ етті. Асыққанда жар басына 
қиялап шығатын жолды қашықсынып, үйінің дәл өкпе 
тұсына келді де, тік жарға төтелеп салды. Бір қолымен 
арқалаған балықты ұстап, екінші қолымен қарсы 
баурайға біткен алабұта, кендір жусан, қырбық қызыл 
түзгенге жармасып, мысықша тырмысып өрлеп келеді. 
Қадірлі қонағына соятын малы болмаса да, ажарлы 
балыққа дөп келгеніне қуанып, жар басына асығып 
шығып еді... қаңтарулы тұрған бәйге күреңге көзі түсті 
де, төбеге ұрғандай сілейіп тұрып қалды. Аң қуғаны 
көрініп тұр. Еті қызып апты. Бір орында тұрмай, 
сулығын шайнап шиыршық атады. Жаны аяғының 
басына кеткен Еламан әлдеқайдан жүгіріп келген сары 
қаншықты байқамады. Қаншық сілейіп тұрған кісінің 


17
балық иісі шыққан киімін иіскеді. Сосын мұп-мұздай 
тұмсығымен қолын жалап алғанда, бойын жиып алды.
* * *
Өз үйіне өзі әзер кірді. Кірер жерде күйбеңдеп 
біраз бөгелді. Үстіндегі суық қапқан бойы сықырлап, 
аласа есіктен ақырын кіріп келе жатқан үй иесін 
көргенде төрде отырған жас жігіт осыған дейінгі 
нығыз қалпынан айырылып қап, лып етіп жеп-жеңіл 
түрегелді:
– Ел-аға... ассалаумалейкүм!
Еламан салқын амандасты. Сонан артық тілге 
келмей, суық қапқан киімі сықырлап, eсік алдында 
теріс қарап тұрып шешінді. Ә дегенде Ақбала іштей 
абыржып қалып еді, іле-шала өзін де, өңін де оп-оңай 
билеп ала қойды. Қолындағы шаруасын тастай сала, 
қашанда өзін ұстай білетін сабырлы қалпын сақтап, 
көк сауыр кебіс киген ып-ықшам аяғын ақырын 
ырғаң-ырғаң басып есік алдында шешініп жатқан 
Еламанға барды. Қолынан су киімдерді алды. Алуын 
алса да, бірақ, оны қайтерін білмей, өзінен қашыртып 
әрегірек ұстап тұрды да, сосын ошақ жанында жатқан 
отын үстіне тастай салды. Әдетте, теңізден келгенде 
Еламанның су киімін пешке жаятыны есіне кейін 
түсті. Соған өзі ыңғайсызданып қалса да, бірақ, 
қонақ жігіттің бұны көзінің астымен бағып, жымиып 
күлімсіреп отырғанын байқады да, отын үстінде жатқан 
су киімге қолын созбады. Төрде мұрты жылтырап, 
түк білмегенсіп тымсырая қалған жас мырзаға жалт 
етіп, көз қиығын тастады да, сосын қайтып оған 
көңіл бөлген жоқ. Ендігі қылығының бәрі оның
 
бейне 
бір: «Күлсең күле бер. Тәңірінің маңдайыма жазғаны 


18
осы. Осының отын жағам, осыған қызмет етем» деп, 
аржағында ішін өртеген ызасын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет