Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жекеайту.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрысдыбыстау.
Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.
0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне оқу.
0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.
Күтілетін нəтиже
Барлықтəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Ф дыбысы – дауыссыз дыбыс, ф дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ф дыбысының орнын ажыратады.
Жазу жолына Ф əрпі элементтерін жазуады.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.
Ф дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ф дыбысының орнын ажыратады.
Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Ф дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.
Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте,
сұрақ белгісі, леп белгісі)
Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, Рақмет! Рұқсат па? жəне т.б. сөздерін қолданады.
Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер :
Сұраққа толық жауап беріп, Ф əрпімен танысады. Сөздерді пайдаланып,əңгіме құрастырады.
Ф əрпінің баспа түрін жазады.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Телефон, цирк, вафли.
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Мəтінен ф дыбыс бар қандай сөздер естідің?
Ф дыбысының орнын тауып, сұрақтарға жауап бер.
Өткен ҰОҚ-да алған білім
Сөз бен сөйлемді ажыратады. Сөздерден сөйлем құрайды.
Əңгімеқұрастырады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады. Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Армысың, əлем!
Армысың, жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді).
Армысың, абзал адам! (Қолдарын алға созады). Армысың, менің досым! (Қолдарын бір-біріне қарап созады).
(Ұ) Педагог балаларға екі қолын беліне ұстап тұрған спортшының суретін көрсетеді.
Балалар спортшы неге екі қолын беліне қойып тұр? Балалар сұраққа жауап береді. Педагог балалар жауабын толықтырады. Барлық балалар спортшы сияқты тұрып, керілу созылу жаттығуын жасайды.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
Суреттер.
3–5 мин.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Педагог балаларға мəтінді оқып береді. Дүкенде қандай пішінді кəмпиттер сатылады екен? Кəмпиттер қайда өндіріледі?
Мəтінен Ф дыбысы бар қандай сөз естідіңдер? Футбол, фабрика, вафли сөздерін буынға бөледі. Ф дыбысын дұрыс дауыстатып айтқызады.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, ф дыбысының орнын табады.
Пілдің суретін көріп, «Піл» деп қайталайды.
Əліппе-дəптер
Суреттер.
Қандай дыбыс естіледі?
Музыка əуені.
Піл ме əлде філ ме?
Телефон суретін атайды.
Телефон ба əлде телебон ба?
Ф дыбысын П жəне Б дыбыстарынан ажыратып, дұрыс айтуға жаттығады. Үстіңгі ерін сəл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сəл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шығып, Ф дыбысы жасалады.
Ф əрпі жазылған плакат.
Ф – қатаң дауыссыз дыбыс.
Суреттер.
(Ұ) Сергіту сəті
Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін жасайды.
Педагогпен бірге қолдарын белге қойып, жаттығулар
жасайды.
3-тапсырма. Суреттегі заттарды атайды: фонтан, факс, футбол, фото.
Кəмпиттер.
Əліппе-дəптер.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасатылады, сөздерді
буынға бөледі.
4-жаттығу. Педагог М. Əлімбаевтің өлеңін оқып
беріп, екінші жолын оқығанда тақтаға суретін салады.
Балалар тақтада ілулі тұрған Ф əрпінің бейнесіне
қарап педагогтің салған оң жəне теріс қараған Ф
бейнесімен салыстырады.
Педагог балалардың есіне сергіту сəтінде
жаттықтырушының тұрысын еске түсірулерін
сұрайды.
Екі бүйірін таянып тұрған адамның Ф əрпіне
ұқсайтынын айтады.
5-тапсырма. Педагог балаларға ф əрпінің баспа түрі
жазылған қағазын жəне домалақ пішіндікəмпит
береді. Кəмпиттен Ф əрпінің бейнесін жасайды.
Балалар Ф əрпінің баспа түрін есте сақтайды.
Ф əрпін ауда жазып қайталайды. Жазу жолына жазады.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылыбағалайды.
Əліппе-дəптер.
№ 40 ҰОҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Тəтті балдың əлегі. Ю дыбысы мен əрпі
Мектеп/МҰ:
Саны:
Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу
мақсаттары
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.2.1 Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.
0.1.3.1 Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.
0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану. 0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу
0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне
төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Күтілетіннəтиже
Барлықтəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ю дыбысының орнын ажыратады.
Қарапайым жиектерді штрихтап салады.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ю дыбысының орнын ажыратады. Ю дыбысына сөз ойлайды.
Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,
сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.
Ю дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына Ю дыбысының баспа түрін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Ю дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.
Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте,
сұрақ белгісі, леп белгісі).
Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер :
Сұраққа жауап беріп, пікірлеседі. Сөз, сөйлемге талдау жасайды. Ю əрпінің қос дыбысты əріп екенін біледі.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Ашқарақ
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын
тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Қай сөзден Ю дыбысын естідің? Араның көлеңкесі қандай?
Апам құртты қайда жайды? Жұмбақты қайталайды.
Өткен ҰОҚ-да алған білім
Сөз бен сөйлемді ажыратады.
Таныс əріптерден сөз құрайды, дыбыстық талдау жасайды. Əңгімеқұрастырады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.
Сабақ алдында көңіл күйлерін көтеру мақсатында төмендегі өлең жолдарын оқиды.
Оң қолымда – бес саусақ, Сол қолымда – бес саусақ. Күнге қарап қуанып, Нұрлы шуақ аламыз.
Өлеңді балалар шеңберге тұрып қимылмен қайталайды.
(Ұ) Педагог слайдтан Майя туралы мультфильм көрсетеді.
Шаттық шеңберіне арналып жазылған тақпақтар жинағы.
Майя туралы мультфильм.
Балалар көргендері туралы əңгімелейді. Араның қалай бал жинайтыны туралы əңгімелеседі.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Педагог «Аюдың ашқарақтығы» əңгімесін оқып береді.
Балалар əңгіме желісін мазмұндайды.
Аралардың төніп келе жатқандағы көлеңкесінің бұлтқа ұқсағанын айтады.
Бұлт сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Аю сөзінен қандай дыбыс естіп тұрғандарын айтады.
Дыбыстық талдау жасайды. Ю дыбысын қайталап айтады.
2-тапсырма. Педагог балаларға аласа-биік, қысқа- ұзын, жақсы-жаман сөздерінің мағыналарын түсіндіреді. Сөздердің қарама-қарсы ұғымдарын табады: сүт сұйық – айран қою. Педагог балалардан сүт туралы сұрайды.
Сүт ақ түсті, дəмді, сұйық. Сүтті ашытып əжелеріміз айран жасайды. Айран қою болады. Балалар айран туралы айтады.
сұйық – қою 3-тапсырма. Апам құртты қайда жайды?
Балалар суреттен не көргендерін айтады.
– Айранды қайнатып құрт жасайды. Құрт – қазақ халқының ұлттық тағамы. Құртты əртүрлі пішінде жасап, сөреге жаяды.Құрт
денсаулыққа өте пайдалы. Адамның сүйегін
Əліппе-дəптер.
Əліппе-дəптер.
қатайтып, асқазан ауруларының алдын алады. Баяғыда аталарымыз қой баққанда қалталарына құрт кесегін салып жүрген. Ол адамды əрі шөлдетпейді əрі қарнын ашырмайды. Балалар өз ойларын айтады.
Сызба бойынша құртты қайда жаятынын тауып қосады.
Ю дыбысына дыбыстық талдау жасайды.
Ю қос дыбысты Ю =й+у (Ұ) Сергіту сəті
Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық!
Балалар қимыл жасап өлең жолдарын 2-3 рет қайталайды.
4-тапсырма. Ю əрпімен танысамыз. Педагог балаларға жұмбақ оқып береді.
Шеңберді əкеліп алаңға, Байлап қойдым бағанға.
Тақтадағы суретті көрсетеді.
Балаларға жұмбақтың жауабын педагог түсіндіреді.
Ю əрпін бейнелеп көрсетеді.
Ю əрпі жазылған плакат.
Əліппе-дəптер.
Балалар Ю əрпімен таныс болады.
5-тапсырма. Тақтада ілулі тұрған Ю əрпінің бейнесіне қарап таяқшадан жəне ермексаздан Ю əрпін жасайды. Педагог балаларға көмектеседі.
6-тапсырма. Берілген суреттің ішін штрих сызықпен толтырады.
Суретте Ю əрпінің бейнесі мен қошқармүйіз оюы берілген.
Ою туралы өз ойларын айтады. Киіз үйдің ішіндегі əсем безендірілген, қазақтың ұлттық киіміндегі ою түрлерін көріп, пікірлеседі.
Балалар ою сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Ою сөзіне сөйлем құрайды.
Жазу жолына Ю əрпінің баспа түрін жазады.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.
(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылыбағалайды.
Əліппе-дəптер
№ 41 ҰОҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Балмұздақ . Э дыбысы мен əрпі
Мектеп/МҰ:
Саны:
Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары
Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішіненбөлу жəне сөзсіз жекеайту.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз,жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрысдыбыстау.
0.1.2.1 Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.
0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.