95
Негізгі бөлім
4–12
(т, ПК)
Киіз үй (татар ойыны)
Ойынға балалардың қосалқы төрт шағын тобы қатысады. Әр
топ залдың бұрыштарында шеңбер құрады. Әрбір шеңбердің
ортасында ұлттық ою-өрнек салынған орамал болады. Төрт
шеңбердегілердің бәрі қол ұстасып ауыспалы адыммен жүріп,
өлең айтады:
Біз көңілді баламыз,
Айналып ән саламыз.
Ойын ойнап, би
билеп,
Көк шалғынға барамыз.
Сөзі жоқ әуен басталғанда балалар ауыспалы адыммен ортақ
шеңбер құрып тұрады. Музыка аяқталғанда орамалға жүгіріп
барып, оны жайып төбелеріне ұстайды (шатыр), бұл киіз үйді
білдіреді.
Киіз үйді бірінші болып құрған топ жеңіске жетеді.
Кең, бос кеңістік.
Балалардың
шағын топтары-
на көлемі
2 х 2 метр ора-
малдар.
13–27
(т, ПК)
Балаларға 4 метр қашықтықтан
көлденең нысанаға
асық атуды ұсыныңыз.
Көлденең нысанаға лақтыру кезіндегі бастапқы қалып пен
құрылымдық амалға назар аударыңдар.
Бастапқы қалып – сәл еңкейіп сол аяқты иық тұсынан сәл
асыра алдыға қою,
оң аяқ артта, оң қолды кеуде тұсынан шын-
тақтан бүгіп, алға-артқа сермей отырып асық лақтыру.
Бұл кезде оң қолды төмен түсіріп артқа барынша созып, қол-
ды алға-артқа сермей отырып асықты лақтыру керек.
Балаларды бірге жұмыс істеуге ынталандырып,
қазанға
лақтырылған асықтар саналады; Құрылымдық амалдың сақта-
лу дәлдігі талданады.
Достарыңызбен бөлісу: