Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар



Pdf көрінісі
бет457/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар
№ 1 кешен
1. «Біз – зілтеміршілер». Б.қ.: тұру, аяқты алшағырақ қою. 1 – таяқ кеуде тұсында; 2 – 
күшпен жоғары көтеру; 3 – кеудеге әкелу; 4 – б.қ. 8 рет қайталау.
2. «Ескекшілер». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, таяқты ортаға қарай көлбеу ұстау. Қайықта 
ескек ескендей оңға, солға бұрылу. 6–8 рет қайталау.
3. «Отыру». Б.қ.: шалқадан жату, қолды түсіру, таяқты қолға ұстау. 1 – таяқты бас жаққа 
апару; 2-3 – таяқты алға апару, отыру; 4 – б.қ. 8 рет қайталау.
4. «Таяққа қарау». Б.қ.: етпетінен жату, жұдырық иек астында, таяқ алда. 1-2 – таяқты 
жоғары көтеру, оған қарау; 3-4 – б.қ. – денені бос ұстау. 6 рет қайталау.
5. «Таяқ тізеде». Б.қ.: шалқадан жату, таяқ төменде. 1 – таяқты жоғары көтеру; 2 – оң (сол) 
аяқты бүгу, таяқты тізеге апару; 3 – таяқты жоғары көтеру; 4 – б.қ. Бас пен иықты көтермеу, аяқ 
басын созу. 6 рет қайталау.
6. «Аяқтың ұшына жеткізу». Б.қ.: жерде отыру, аяқты екі жаққа созу, қолды бүгу, таяқ 
кеуде тұсында, 1–3 – алға иіліп, таяқты аяқтың ұшына жеткізу; 4 – б.қ. 6 рет қайталау.
7. «Стадионда». Б.қ.: н.т.: таяқ артта, бүгілген қолға қыстыру. Бір орында тізені жоғары 
көтеріп, 3 рет 20 секундтан, жүрумен кезектестіре орындау.
8. «Демаламыз». Б.қ.: н.т.: таяқ жерде. Иықтан төмен тұста алақанды жоғары қаратып 
қолды екі жаққа сермей отырып, ішке дем тарту, қолды төмен түсіру – демді сыртқа шығару.
№ 2 кешен
1. Б.қ.: н.т. 1–4 таяқ жоғарыда – демді ішке тарту; 5–8 таяқ төменде – демді сыртқа шығару. 
8 рет қайталау.
2. Б.қ.: аяқты бүгу, қолды бүгу, таяқты ортаға қарай алдыда ұстау. 1-2 – оң қолмен таяқты 
жанына қарай тура ұстап оңға бұрылу (таяқ көлденең); 3-4 – б.қ. сол жақпен осылай қайталау. 
Қарқын баяу. 5 рет қайталау.
3. . Б.қ.: н.т.: 1–3 – таяқ алдыда, оң аяқ алға, аяқтың ұшы-өкше-ұшы; 4 – б.қ. Сол аяқпен 
қайталау (5 рет).
4. Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, таяқ тігінен екі аяқтың арасында, таяқтың жоғары жағынан 
ұстау – демді ішке тарту. 1-2 – иілу, қол алда, таяқты жылжыту, басты тік ұстау – демді сыртқа 
шығару; 3-4 – б.қ. Аяқты бүкпеу. 6–8 рет қайталау.
5. Б.қ.: отыру, арттан тіреу, аяқты бүгу, таяқ аяқтың бас жағында. 1-2 – оң аяқты созып, 
жоғары көтеру, қайта түсіру; 3-4 – сол аяқты созып, жоғары көтеру, түсіру; б.қ.: бас пен иықты 
тік ұстау. 7 рет қайталау.
6. Б.қ.: етпетінен жату, таяқ жауырын астында, қолды бүгу. 1-2 – таяқты және дененің 
жоғарғы жағын көтеру; 3-4 – б.қ. Қарқын баяу. 4–6 рет қайталау.
7. Б.қ.: н.т.: қолды төмен, таяқтың екі ұшына қарай ұстау, 1-2 – аяқ ұшымен отыру, тізе екі 
жақта, арқаны тік ұстау – демді сыртқа шығару; 3-4 – б.қ.: демді ішке тарту. 8–10 рет қайталау.
8. Б.қ.: қайталанады, таяқ жерде. 9 рет қос аяқтап секіру, оныншысында таяққа қарай 
бұрыла отырып, таяқтан секіру, орнында 4 рет адымдау. 4–6 рет қайталау. Жаттығуды аяқтай 
отырып, жүру ұзақтығын арттыру.
9. Бірінші жаттығуды қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет