Жүзудің денсаулыққа пайдасы Жүзе білудің маңызы



Дата19.05.2022
өлшемі198,5 Kb.
#143993
Байланысты:
Жүзу

  • Жүзудің денсаулыққа пайдасы

Жүзе білудің маңызы. Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді. Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады. 

Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа. Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар. Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу. 

Жүзу – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді. Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.

Жүзудің денсаулыққа пайдалы екенін білгенімен көп адамның қыстыгүні суға түсуге батылы бара бермейді. Бірақ денсаулықты шынықтырып, ауырып-сырқамас үшін бассейнде жүзіп жаттығудың спортта да, денсаулық мәселесінде де орны ерекше екен. Суда жүзудің, қыста да бассейнге үзбей барып тұрудың, әсіресе, балалардың дене бітімін қалыптастыруда пайдасы көп көрінеді.

  • Қыста жүзу

Қыста бассейнге түсудің ешқандай да зияны жоқ. Көп адам жаздың ыстығында су жағалайды да, қыстыгүні оны доғара қояды. Бұл дұрыс емес. Жаздағы сол әдетті қыста да жалғастырып тұрған адам ағзасын шынықтырып, денсаулығын да нықтайды

Ал омыртқаның қисаюы уақыт өте келе адам ағзасында көптеген дерттер туындатады. Ал жүзген кезде денедегі бұлшықет­тердің бәрі қозғалысқа түседі. Ол омырт­қа сүйектерін қалпына келтіріп, қан айналымын жақсартады, ағзаның суыққа қарсы күресу қабілетін шыңдайды,баланың бойын өсіреді. Қысқасы, адамның иммунитеті де нығаяды, өзі де шынығады. Сондықтан қыстыгүні суға түсуден қорықпау керек. Себебі қыста судың температурасы 26-29 градус жылы болады. Бала бассейнге қыста шомылып үйренсе, денесі шынығып, келешекте көп ауырмайтын болады



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет