Алгоритм және программалау тілдерін оқыту әдістемесі



Дата06.02.2022
өлшемі96,63 Kb.
#80578
түріНұсқаулар

Алгоритм және программалау тілдерін оқыту әдістемесі
Жоспар

  1. Алгоритм ұғымы

  2. Тіл синтасисі

  3. Алгоритм түрлері

  4. Блок схемалар



  1. Алгоритм ұғымын өмірден мысал ретінде беру

Мысалы: күнделікті өмірден алып карасақ
Бисквит пісіру үшін белгілі бір әрекеттер жасаймыз
1 Қамыр жасап аламыз
2 Оны ыдыска орналастырамыз
3 Пешке белгілі уақытқа қоямыз
4 Пештен қызарған уакытта шығарамыз

Осы откен әрекеттердің барлығы беогілі бір алгоритмді береді

Сонымен, Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі.
Немесе мынандай мысал
Оқушы күнделікті
1 08:00 оянады
2 08:30 мектепке барады
3 12:30 мектептен үйге келеді
4 15:00 үй тапсырмасын орындайды
5 21:00 үйқтайды

Бұл күнделікті кайталанатын әрекеттерді қайталау операторының мысалына қарастыруға болады. Әдетте қайталап операторы FOR 1 to 10 do формасында болады.


Алгоритмнің келесідей қасиеттері бар:
1) Алгоритмнің үздіктілігі. Информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұруы тиіс.
2) Алгоритмнің түсініктілігі және ашықтылыгы. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.
3) Алгоритмнің жалпылыгы. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс.
4) Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.
Алгоритмді жазудың немесе берілу тәсілдерінің 3 түрі бар:
1. сөзбен ауызша беріледі.
2. блок-схема түрінде.
3. алгоритмдік тілде. -Блок-схема дегеніміз - информацияны өңцеу алгоритмін МЕСТ
(мемлекеттік стандарт)-те бекітілген символдарды пайдаланып, графикалық
түрде жазу:




Атауы

Блок-схема түрі

Негізгі әрекеттері

Процесс



Математикалық өрнектерді есептеу

Таңдау 



Шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау

Модификация



Циклдің басы (қайталау)

Енгізу және шығару



Берілгендерді енгізу және шығару

Басы, соңы



Алгоритмнің басы және соңы

Қосалқы программа



Қосалқы программа шақыру




  1. Программалау тілін оқыту барасында

  1. Тіл синтаксісі

  2. Қолдану ерекшеліктері

  3. Операторлар

  4. Бағдарламалау логикасын

  5. Алгоритм құру ерекшегін ескеру керек

Мысал ретінде Java бағдарламалау тіліне сабақ сілтеме арқылы өтініз
https://clck.ru/QwbCy
Мысал массивтерді сұрыптауды түсіндіру
https://clck.ru/QwbEq

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет