Орындаған: Шерубай Балнұр Қабылдаған: Көшекова Айнұр. АҢыз халық ауыз әдебиетнің бір саласы



Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#82131
Байланысты:
Шерубай Балнұр


ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АҢЫЗДЫҚ НҰСҚАЛАРЫ


Орындаған:Шерубай Балнұр
Қабылдаған:Көшекова Айнұр.
АҢЫЗ
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ БІР САЛАСЫ
Оқиғаның реалистік болмыстан,шындық өмірден алып ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі саласы
Алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін,өмірін әңгімелеу негізінде туған.
Мифологиялық героилар мен тариххи адамдар жайында айтылатын әңгімелер
Қала аңыздары Хорезм,Туран,Жетісу,Сыр өлкелерінде сақталғаг.Олар бірде реалистік(Айсулу,Томирис,Аяз би),бірде аңыз -ертегілік түрінде аитылады.
Дала аңыздарына Бабаи Түкті Шашты Әзиз,Қамбар,Асан қаиғы,Қорқыт,Жиренше,Алдао көсе жайындағы аңыз-әңгімелер жатады.
Тарихи аңыздар екіге жіктеледі.
Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі—Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы, әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі — Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл- парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі — Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
«Жиренше шешен ақылдылығымен,тапқырлығымен аты аңызға айналған дәлмәр шешен»

.


Жерұйықты іздеген Асан қайғы

Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды


Асан қайғы жырау — елге ұйтқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философы
Тереңдей үңілгенде Асан қайғы бабамыз бүгінгі Қазақ мемлекеттігінің дипломатиялық мектебін қалыпастырды. Ел мен елді жауластырмау, достастыру, татуластыру, қаз-қатар бейбіт өмір сүру қағидатын ең алғаш əлемнің жарығына алып шықты. Ол Керей мен Жəнібектің атынан Моғолстан ханы Есенбұғамен келісімсөздер жүргізді. Соның арқасында болашақ өсіп-өнетін мемлекеттің алтын тұғырын жасады.
Ол халықтың қамын ойлап, ханның өзіне сөзін өткізді, теріс қылығын бетіне басты
Қорқыт ата (9 ғ.) – қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы.Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзін "Хорқұт" сөзінен шыққан. "Хор" деген көне түркі тіліндегі "Өр" деген сөз, "Һор" деп те айтылған. Ал, "құт", ол кәдімгі "құт", "береке", "игілік" деген сөз. Демек Қорқұт сөзі "жоғарыдан келген құт" деген мағынада..
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды.Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді.
Халық бұл тұлғаларды жақсы көргендіктен тарихта орны қалған хандардың кезінде өмір сүргендіктен,халық оларды мадақтап аңыз шығарған. Бұл кеиіпкерлер тарихтың терең қойнауынан орын алған тұлғалар.
Әдебиеттер:Ә.Қоңыратбаев.Қазақ фольклорының тарихы.1991
М.Ғабдуллин.Қазақ халқының ауыз әдебиеті.1996
adebiet portaly.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет