«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Қ озғалмалы ойындар
Семей, 2023 жыл
Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар
Мақсаты: Тәрбиеші, оқушы, машықкер арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы бар екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс
Көрнекілігі: Қап, қызыл шүберек, арқан
Жоспары:
«Кім жүйрік» сайысы
«Арқан тартыс» сайысы
«Тасбақалардың жүгірісі» сайысы
«Алтын шар» сайысы
Өтілу барысы:
Әр команда 5 Ойыншы, 2 командаға бөлінеді
10 оқушы
1 команда-Сұңқарлар
2 команда- Алғырлар
ІІ. Негізгі бөлім
Сәлеметсіздер ме? «Қозғалмалы ойындар» атты жазғы сауықтыру лагеріндегі қош келдіңіздер!
«Тарақандар жарысы»
Қолданылатын заттар: 3 волейбол добы
Шарты: қолды артқа тіреп, екі аяқтарды алдыға қойып, белгіленген жерге дейін допты ішіне қойып жүгіру.
«Кім жүйрік»
Қолданылатын заттар: 2 қап (әрбір командаға бір-бірден),
Шарты: Ойыншы қапты бел тұсына дейін киіп секіру арқылы кедергіден өтеді. Мәреге жеткен тұста қайтадан кері қайтып келесі оқушыға қапты табыстайды. Бірінше біткен топ жеңіске жетеді.
«Арқан тартыс»
Қолданылатын заттар:Арқан,қызыл шүберек.(2 команда екі жаққа тұрады)
Шарты:Арқанның дәл ортасына қызыл шүберек байланады. Екі топта арқанның екі шетіне шығып, ұстап тартады. Ең мықты топ келесі топты белгіленген сызық мәресінен тартып кетуі керек.
«Тасбақалардың жүгірісі»
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
5. «Су тасышылар» Қолданылатын заттар: 3 босшелек, 3 су толтырылған шелек (командаға екі-екіден) Шарты: Ойыншылар су толтырылған шелектен бос шелекке көпір арқылы өтіп су тасиды. Шелекте су біткенше дейін ойын жалғасады.
6. «Жүгіреміз де секіреміз». Қолданылатын заттар: 3 волейбол добы, 3 обруч, 3скалкалка. Шарты: Екі тізесімен мұғалім допты қысып, жерде жатқан обручкқа дейін жетуі тиіс, оған жеткен соң допты қойып, скакалкамен секіріп келу керек, ал 1 оқушы скакалкамен обручка дейін секіріп, доптытізесіне қысып орнына дейін келуі тиіс.Ойын осылайша машықкер мен 2 оқушымен жалғасады.
7. «Боксшылар есебі» Қолданылатын заттар: бокс қолғабы, қалам мен қағаз,волейбол добы (әрбір крмандаға бір-бірден). Шарты: ойыншы бокс қолғабын киіп допты жылжыту арқылы ілінген қағазға жетіп, берілген тапсырманы орындап, допты жылжыту арқылы кейін қайтады.
5. Қорытынды. Марапаттау.
V. Қорытынды.
Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыныздар!
Достарыңызбен бөлісу: |