Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


Диаметрі үлкен доппен орындалатын жаттығулар



Pdf көрінісі
бет468/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

Диаметрі үлкен доппен орындалатын жаттығулар
№ 1 кешен
1. Б.қ.: н.т.: доп қолда. 1-2 – аяқтың ұшына тұру, допты басқа көтеру, шынтақты артқа 
итеру, басты тік ұстау – демді ішке тарту; 3-4 – б.қ., демді сыртқа шығару. 10 рет қайталау.
2. Б.қ.: аяқты алшақтату, қолды бүгіп допты ұстау. 1-2 – доп ұстаған оң қолды жанына 
қарай апарып, оңға (солға) бұрылу; 3-4 – б.қ. Аяқты бүкпеу. 5 рет қайталау.


208
3. Б.қ.: н.т.: допты жоғары лақтыру, отыру, алақанмен тізені соғу, допты қағып алу – б.қ. 
Аяқ ұшымен отыру, тізе арасын алшақтату, арқаны түзу ұстау. 8–10 рет қайталау.
4. Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, доп қолда. 1-3 – тізені бүкпей, оң (сол) аяққа қарай иілу, 
аяқтың айналасымен доп домалату; 4 – б.қ. 4 рет қайталау.
5. Б.қ.: шалқадан жату, допты ұстап жоғары көтеру. Допты өзіңді айналдыра бір жанынан 
екінші жанына домалату. Аяқ, қолды түзу ұстау – үзіліс. 5-6 рет қайталау.
6. Б.қ.: отыру, доп жерде балтырдың жанында, қолды арттан тіреу; 1-2 – аяқты тік көтеру, 
допты бір жанына домалату; 3-4 – б.қ. Екінші жанымен де осылай қайталау. Басты тік ұстау. 
4–6 рет қайталау.
7. Б.қ.: етпетінен жату, доп екі тобық арасында, қолды шынтақтан тіреу. Допты қысқан 
күйі аяқты жазу, бүгу. 3–5 рет қайталағаннан кейін үзіліс (4–6 рет).
8. Б.қ.: н.т.: сол аяқты доптың үстіне қою. Допты сол аяқпен жылжыта отырып, оң аяқпен 
8 рет секіру – үзіліс. Айналу. Аяқты алмастырып тағы қайталау (5 рет).
9. Бірінші жаттығуды қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет