Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет492/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру
ақпан циклограмма, ақпан циклограмма, камила портфолио, Серуен карточкасы 4 жыл мезгили-1
«қарақұс және күркетауық» 
(жүгіру, ептілік) 
Ойынға 8–10 бала қатысады. Ойыншылардың бірі – «қарақұс», екіншісі – «күркетауық», 
қалғандары – «балапан». Күркетауықтың артынан сап түзеп балапандар тұрады. Олар бір-бірінің 
артынан ұстайды. Қарсы бетте «қарақұстың ұясы» болады. «Қарақұс» деген белгі бойынша 
ол ұядан ұшып шығады да, күркетауықтың артындағы балапандарына шүйлігеді. Күркетауық 
қанаттарын жайып, қарақұстан балапандарын қорғайды. Балапандар күркетауықтың артына 
тығылып қашып жүреді.
«Маймылдарды ұстау» 
(өрмелеу, тапқырлық) 
Балалар бірі аз, екіншісі көп екі топқа бөлінеді. Бала саны аз (2–4 адам) топ «аңшылар», 
көбі – маймылдар. Алаңның бір жағына «маймылдар», екінші жағына «аңшылар» тұрады. 
Аңшылар қандай қимыл-қозғалыс жасайтындарын өзара келісіп алады да, ортаға шығып көрсете 
бастайды. Маймылдар биікке шығып, олардың қимылын бақылайды. Қимылдарын аяқтаған 
соң аңшылар кетеді. Маймылдар жерге түсіп (ағаштан, томарлардан), аңшылардың қимылын 
қайталайды. Педагог: «Аңшылар!» дегенде, маймылдар ағашқа өрмелейді. «Аңшылар» биікке 
шығып үлгермеген «маймылдарды» ұстап әкетеді. Екі-үш рет қайталағаннан кейін басқа
аңшылар сайланып, ойын жалғасады.
«қу түлкі»
(жүгіру) 
Ойынға қатысушылар бір-бірінен бір адым аралықта шеңбер құрып тұрады. Шеңбер 
сыртында түлкінің іні белгіленеді. Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар көзін жұмады. 
Содан кейін ол балалардың сыртынан айналып жүріп біреуін түртеді, сол бала қу түлкі болып 
ойынды бастайды. Балалар көзін ашып: «Қу түлкі, қайдасың?» – деп басында ақырын, кейін 
қатты дауыспен үш рет хормен айтады. Үшінші рет айтқан кезде, қу түлкі шеңбердің ортасына 
тез жүгіріп келіп, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» – дейді. Балалар тым-тырақай 
қаша жөнеледі, ал қу түлкі оларды ұстауға тырысады (қолын тигізеді). Түлкі үйіне 2-3 баланы 
ұстап әкелген соң, педагог: «Шеңберге!» – деп айтады да, ойын қайтадан басталады. Егер 
түлкі ешкімді ұстай алмаса, басқа бала ойын бастаушы болып таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет