№ 2 қОСыМшА
қимыл-қозғалыс ойындары
қазақ халқының балаларға арналған ойындары
«Арқаннан секіру»
Ойнайтын тегіс жерге арқанның немесе екі секіртпенің ұзындығына тең шеңбер
сызыңдар. Содан кейін санамақтың көмегімен ойын бастаушыны таңдаңдар. Ойын бастаушы
шеңбер ортасына тұрады. Арқанды шамамен балалардың тізе тұсындағыдай биіктікте бірде
баяу, бірде жылдам айналдыра отырып олардың біріне тигізуге тырысады.
Балалар арқан аяқ тұсына келіп қалғанда аттап немесе секіріп, ойын жүргізушінің
айласына түсіп қалмауы тиіс. Арқан тиген бала ойыннан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |