Өзіңе ұнаған табиғат бұрышын мекендеушілердің бірінің суретін сал немесе аппликация жаса. Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады.
№7 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Жыл мезгілдері: қыс, көктем. Белгілері.
Мақсаты: қыс және көктем мезгілдеріне тән белгілермен таныстыру; екі мезгілдің белгілері арасындағы айырмашылықты ажарата білу.
Міндеттері:
Қыс және көктем мезгілінің белгілері туралы білімдерін тереңдету; осы мезгілдерге тән маусымдық құбылыстармен таныстыру.
Байланыстырып сөйлеу, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін теңеу сөздерді қолданып сипаттай алу дағдыларын дамыту.
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу; маусымға сәйкес киініп жүруге, денсаулығын күтуге үйрету.