Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет2/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру
4 Құрастыру
Түсініктеме 
Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес 
дайындалған «Құрастыру» оқу-әдістемелік кешені: 
1.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарты (
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 
15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген
). Аталған стандарт 
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды 
даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін
 
анықтайды; 
2.
1 жастан 6 (7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (
Қазақстан 
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 
22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген)

3.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 
бағдарламасы (
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен 
бекітілген
). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім 
берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. 
Құрастыру және құрылыс ойындары мектепке дейінгі жастағы 
балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін тәжірибелік іс-
әрекеттің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Ол балалардың 
қызығушылығы 
мен 
талап-тілектерін, 
ынта-ықыластарын 
қанағаттандырады, ойлауын дамытады, құрастырудың міндеттерін 
өздігінен шешу дағдыларын қалыптастырады. 
Ортаңғы топтағы құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметі 
барысында балалар құрылыс материалдарымен құрастыруға, 
қағаздан әртүрлі заттар жасай алуға, табиғи және қажетсіз, қалдық 
заттармен жұмыс жасай білуге, ұжымдық еңбек нәтижесіне жете 
білуге үйренеді. Балалардың көркемдік талғамы дамытылып, 
өмірдегі, айналасындағы әсемдікті сезіне білуге және оны өзінің 
құрастыру іс-әрекетінде бере білуге үйренеді. 
Балаларға құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметі – айналадағы 
заттар мен құбылыстарды таныстырудан басталады. Олар қоршаған 
ортаға бақылау жасауға, мақсатты түрде табиғаттың және адамдардың 
қолдарымен жасалған заттардың пішінін, көлемі мен түстерін ажырата 
алуға, қарап көруге, зерттеу жасауға үйренеді. Нәтижесінде әлемді 
тұтас қабылдауға, бейнелі образдар жасауға дағдыланады. 
Ұсынылған ҰОҚ-ны жан-жақты қарап, зерттеу жүргізгеннен 
кейін, оны қалай жүзеге асыру керектігін ойланып, құрылыс 
материалдарымен, қағазбен, табиғи материалдармен немесе 



қажетсіз заттармен қалай жұмыс жасауға болатынын ойланады. 
Әдістемелік құралда пайдаланылған әдіс-тәсілдер «орындалу 
ретімен» балаларды ойлануға, шығармашылықпен өздігінен әрекет 
етуге, тірек сызбаларды қолдана отырып өз ойын іске асыруға көмек 
бере алады. Түрлі түсті, көлемі мен пішіндері әртүрлі құрылыс 
материалдары: текшелер, призмалар, брусоктар, пластиналар, 
кірпіштер, цилиндрлер, конустар, тағы басқаларының ұсақ және ірі 
бөліктерін пайдалана отырып, балалар белгілі бір заттарды ретімен 
құрастыруға үйренеді. Олардың көру, сипап сезу, қимыл-қозғалыс 
арқылы сенсорлық қабілеттері дамытылып; түс, көлем, пішін және 
заттардың сапасы туралы түсініктері қалыптасып, оны кеңістікте 
дұрыс орналастыруға жаттығады. 
Құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда балалар кірпіштерді 
көлденең, тігінен, қырынан қойып, бірінің үстіне бірін қойып, 
жанына, алдына, артына қоюды және олардың түсі, көлемі, пішініне 
қарай бір-біріне үйлестіре орналастыруға, біріктіруге, оларды берік 
орнатуға, құрылыстардың құрылымына қарай оның негізгі 
бөліктерін, қосымша бөліктерін дұрыс орналастыра білуге үйренеді. 
Қағазбен құрастыру – көркемдік іс-әрекеттің түріне жатады. 
Ортаңғы топта қағазбен жұмыс жасаудың әртүрлі техникалары: 
қағазды умаждау, бүктеу, жырту, бүктеу сызығы бойынша сындыру, 
орау т.б. түрлері бойынша жұмыс жасайды. 
Табиғи материалдармен жұмыс жасауда балаларға алдын ала 
дайындалған табиғи материалдар беріледі (шырша бүрлері, 
жаңғақтар, жапырақтар, дәндер, ұлу қауашақтары т.б.) және олардан 
жасайтын заттардың негізгі, жеке бөліктерін құрастырып, оларды 
ермексазбен 
біріктіреді. 
Педагогтің 
міндеті 
– 
табиғи 
материалдармен жұмыс жасауда олардың ерекшеліктерін байқай 
отырып, оның сапасына мән беру, балаларды өте бай табиғи 
бояулар мен әсемдікті сезіну арқылы алуан түрлі көркем бейнелер 
жасауға 
үйрету. 
Бұл 
балалардың 
ой-қиялын 
дамытады, 
шығармашылық іс-әрекетпен айналысуына мүмкіндік жасайды. 
Табиғи материалдарды негізге ала отырып оны құрастыруға, 
олардан әртүрлі заттар жасауға болатынын түсінеді. 
Қажетсіз, қалдық заттардан құрастыру арқылы әртүрлі қызықты 
бейнелер жасау – балалар үшін тәжірибе жинақтауға, 
шығармашылықпен әрекет етуге, заттарды үнемді әрі тиімді 
пайдалануда маңызы зор. Ондай заттарға: әртүрлі көлемдегі 
қораптар, қақпақтар, сусын, шырындар мен сүттің, йогурттың 
босаған құтылары, «Киндер сюрприздің» сыртқы қораптары, 



дискілер, кір қыстырғыштар, жіптер, сіріңке қораптары т.б. жатады. 
Қажетсіз заттармен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдері бүктеу, 
желімдеу, жапсыру, біріктіру т.б. жұмыс жасау қағидалары 
алдындағы басқа құрастыру іс-әрекетіндегідей балалар жеке 
бөліктерін қарап көреді, негізгі бөліктер мен ұсақ бөлшектерін 
ажыратып алады, олардың көлемі, пішіні, түсіне сәйкес 
құрастырудың тиімді жолдарын қарастырады. 
Құрастыру қызметімен айналысудың маңызды қағидаларының 
бірі: балалармен жеке және ұжымдық жұмыстарды тиімді 
ұйымдастыру – еңбек нәтижесіне жетуде, оның мазмұнын дұрыс 
бере білуде, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда өнімді 
еңбек етуге ықпал етеді. Сондай-ақ құрастыру оқу қызметі басқа іс-
әрекет түрлерімен: ойын, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка 
т.б. тығыз байланыстыра, сабақтастыра білу де педагогтің
шеберлігіне байланысты болмақ және ол балалардың іс-әрекетке 
қызығушылығын оятады, танымдық белсенділігін арттырады. Бұл 
құрастыру қызметіне балалардың ынта-ықыласын туындатып, ойын 
арқылы сөйлеуге, өз пікірін айтып жеткізе білуге, жасаған заттарын 
сипаттап айтып беруге, педагогпен диалогті қарым-қатынас 
жасауға, құрбыластарымен өзара келісімге келуге, дербес әрекет 
етуге септігін тигізеді. 
«Құрастыру» білім беру саласы бойынша дайындалған осы ОӘК 
балалардың жан-жақты дамуына көмегін тигізіп, туындаған көптеген 
сұрақтардың шешімін табады деп сенеміз.
Жұмыстарыңызға жетістік тілейміз.
Сіздерге құрмет көрсетіп,серіктестік
қарым-қатынаста болатындығымызға
сенім артамыз. 
Авторлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет