Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2. Негізгі кезең. 
– Суда жүзген балықты кепкен жапырақтан жасау оңай әрі 
ыңғайлы. Ол үшін бізге көк немесе көгілдір қатты қағаз керек 


24 
болады – А4 форматты. Оны көлденең қойып аламыз, оның үстіне 
кепкен жапырақтарды балықтың денесіне сәйкес әртүрлі пішіндес 
келетінін таңдап аламыз. Сонымен көлденең жапсырамыз, балық- 
пен қатар бірнеше әртүрлі пішіндес кепкен жапырақтар қажет, (бұл 
жұмысқа лавр жапырақтарын да қолдануға болады). 
– Таңдап алған көк түсті қатты қағаздың астыңғы жағын ПВА 
желімімен желімдеп, үстіне қарақұмық пен бұршақты араластырып 
себеміз. Кепкен жапырақты қағаздың ортасына құйрығын жасау 
үшін бір ұзын, бір кішірек жапырақты таңдап аламыз да, оны бір-
біріне жартылай беттестіріп жапсырамыз.
Балықтың көзін қара фломастермен жасаймыз. Суасты өсімдіктерін, 
ағаштың ұсақ бұтақтарын желіммен жапсырамыз. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша балық – рыба, жапырақтар – листья сөздерін пайдаланады.
Сергіту сәті.
Балық болып жүземіз (малту қимылын көрсету),
Шынығамыз суда біз (оң қолмен, сол қолмен).
Шынықсақ біз бәріміз (білектерін көрсеті),
Шымыр болып өсеміз (бір орында жүру),
Бір, екі, үш – білекке күш. 
Балалар кепкен жапырақтарды балықтың пішініне ұқсата 
отырып, педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша құрастырады да, оны 
ретімен желімдейді.
Педагог кепкен жапырақтармен ұқыпты жұмыс жасауға көңіл 
бөледі. 
(Балықтың 
денесіне 
теректің 
немесе 
қайыңның 
жапырақтарын, ал құйрығына емен немесе үйеңкінің жапырақтарын 
алуға болады), ал балықтың қанаттарына кішірек жапырақтар 
таңдалады.
–Балықтардың дене бөліктерін жапырақтарды таңдай отырып өздері 
үйлестіріп, құрастырады. 
3. Рефлексия.
Балалар жұмыстарына педагог басшылық жасай отырып, әр 
баланың табиғи материалды қалай пайдаланатынына көңіл бөледі, 
жақсы жасалған жұмыстарды мадақтап қорытындылайды. Балалар 
өздері жасаған балықтарын басқа балалардың жұмыстарымен 
салыстырады, қалай жасағанын айтып береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет