Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет27/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

ҰОҚ-нің барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі 
Педагог жұмбақ есеп айтады, балалар жауабын шешеді. 
Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі– қайың астынан. 
Біреуі– терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 
Педагог кірпі туралы жұмбақ жасырады.
Үсті толы ине, 
Бірақта, іс тігіп, қадамайды түйме. (Кірпі) 
–Ол не деп ойлайсыңдар? 
Кірпі туралы ертегілерді естеріне түсіреді.
2. Негізгі кезең. 
Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, бүгінгі жасайтын кірпінің 
ерекшелігі туралы айтады. 
Кірпіні табиғи материалдардан жасау жолдары: 
– кірпі жасау үшін қара шекілдеуік, ақ ермексаз, жүгері дәнін 
таңдап аламыз; 
– ақ ермексазды қолданып кірпінің денесін жасаймыз: алақан 
арасына салып домалақтаймыз, тегістеп алған соң оны алақан 
арасына салып есеміз, сәл сопақшалап аламыз; 
-енді сопақшаның бір жақ бөлігін саусақтарымызбен шымшып созу 
арқылы тұмсыған үшкірлеп шығарып аламыз; 
– жасалынған кірпінің денесінің үстінен шемішке дәндерін 
қадаймыз; 
– кірпінің көзі мен тұмсығына жүгерінің дәндерін қолданамыз. 
Сергіту сәті.
Тұмсығында түймесі, 
Деп тұрғандай тимеші. 


32 
Азулыдан сақтайтын, 
Кірпінің көп инесі. 
Балалар кірпі жасау үшін өздеріне қажетті заттарды таңдап алады, 
оларды үлгі бойынша ретімен орналастырып, кірпіні жасайды. 
Орманда тағы қандай аңдар болады? Балаларды өздігінен диалог 
құрып әңгімелесуге тартады. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша кірпі – ëжик, шекілдеуік – семечки сөздерін қайталап, 
бекітеді. 
3. Рефлексия.
Дайын болған кірпілердің ішінен ең әдемі жасалған кірпіні орманға 
жіберуге таңдап аламыз деп балалардың қызығушылығын 
арттырады. Үстел үстінде орман декорациясы жасалады, бірнеше 
кірпілер орналастырылады. Әр бала қай кірпіні орманға жіберуге 
болатынын ойланады, таңдауға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет