Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет30/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2.
 
Негізгі кезең. 
«Керісінше айт» ойыны
Ұзын көше –... 
Тар көше –... 
Таза көше –... 
Жақын көше –... 
Жарық көше –... 
Қысқа көше –... 
Ескі көше –... 
Біздің қала көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп. 
Кейбір үйлерде адамдар тұрады, кейбіреуінде жұмыс істейді. 
Ағаштан салынған үйлер бар, тастан салынған үйлер бар. Мына 
суреттерге қарап қандай ғимарат екенін есімізге түсірейікші. Кәне, 
балалар, біз де өз үйімізді құрастырайық. 
– Алдымен көшені шетінен бастап, бір және көп қабатты үйлерді 
құрастырып, олардың арасына ағаштарды орналастырамыз. Енді 
адамдар жүретін жолды – кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын 
жол жасап аламыз. Ортасынан ашық көлік жүретін жер қалдырып, 
жолдың екінші жақ бөлігіндегі адамдар жүретін жаяужолды жасау 
үшін кірпіштерді көлденең қойып тіземіз. Бұдан кейін қайтадан 
үйлерді, 
ағаштарды, 
шөптерді 
үлгіге 
қарай 
отырып 
орналастырайық.
Ұсақ ойыншық мәшинелерді көлік жүретін бөліктерге, «адамдарды» 
адамдар жүретін жолдарға орналастырса – қала көшесі дайын 
болатынын көрсете отырып түсіндіреді. 


34 
Көшеде жүргенде жол ережесін сақтау керектігін түсіндіріп өтеді. 
Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі, жеке көмек көрсетіледі.
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша қала – город, көше – улица, үйлер – дома, жол – дорога - 
сөздерін қайталап, бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет