Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет59/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2. Негізгі кезең 
Педагог алдымен балаларға өздері таңдап алған аңның бейнесіне 
қарай отырып, оған қандай құрылыс материалын пайдаланып, 
қоршаулар немесе үйшік жасауға болатынын ойлануға уақыт және 
мынадай кеңес береді: 
– керікті алған балаға кірпіштерді тігінен қоюды, өйткені оның 
мойны өте ұзын екені ескертіледі; 
– аюларға жалпақ кірпіштерді көлденең қойып және төбесін жауып 
үйшік жасауды түсіндіреді. 
Кейбір балалар өзара келісіп, қоршаулардың арасындағы жолдарды 
құрастырады; кейбіреулері қақпалар жасайды, осылайша бірнеше 
ұжымдық жұмыс жасалып, олардың барлығын біріктіріп, ағаштар 
орнатып, үлкен хайуанаттар бағы пайда болады. Балалардың 
өздігінен дербес әрекет етуіне баса көңіл бөлінеді, құрылыс 
материалдарының қалай пайдаланғаны аталып өтіледі. Балалар 
шағын топтарға бөлініп, бірнеше хайуанаттар бағының бөлімдерін 
құрастырады. Балалар өзара келісе отырып қандай аңдарға не 
жасағысы келетінін анықтап алады, құрылыс жасауда үлгіге қарай 
отырып құрастыруда үйшіктер, қоршаулардың дұрыс орналасуына 
мән береді, оған өздері таңдап алған ойыншықтарын жайғастырып 
ойнайды. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша хайуанаттар бағы – зоопарк, андар – животные, керік–
жираф, аю – медведь сөздерін қайталап, бекітеді. 
Сергіту сәті. 
Ал, балалар, тұрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Оңға қарай бұрылып, 
Солға қарай бұрылып, 


54 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз тынығып алайық. (Ф.Ниязбекқызы) 
Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап». 
Мақсаты: хайуанаттар бағындағы жануарлардың өз үйшіктеріне 
орналастыру арқылы алған білімдерін бекіту.
Ойынның шарты: балалар өздері құрастырған үйшіктерге 
хайуанаттардың ерекшеліктеріне қарай орналастыруды талап етеді. 
3. Рефлексия.
– Хайуанаттар бағына ұқсады ма? Қалай ұқсаттыңдар? Ең жақсы 
құрылыстар қайсысы? 
Еңбек нәтижесіне балалармен бірге талдау жасалынады. 
– Ұқсады. 
Қалай жасағандарын айтып әңгімелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет