Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет19/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2. Негізгі кезең 
Педагог конструкторды көрсетіп оның бөлшектерімен таныстырады. 
Олардың пішініне, түр түсіне, көлеміне назар аударып текшелермен
кірпіштермен салыстырып көрсетеді. Оны ауызға салуға болмайды, ол 
өте қауіпті. «Лего» мәшиненің үлгісін көрсетіп талдау жасайды. 
Алдымен педагог мәшиненің қорабын (кузовын) құрастыру үшін 
қандай бөлшектерді пайдалану керектігін көрсетіп түсіндіреді, балалар 
өздерінің алдындағы конструкторлардың ішінен осындай бөлшектерді 
табады. Одан кейін кабинасына қажетті бөлшектерді көрсетеді, балалар 
сондай бөлшектерді іздейді, оларды қалай біріктіріп, құрастыруға 
болатынын көрсетеді, олар тапсырманы орындайды. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша «көліктер – машины» сөзін пайдаланады.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық, 
Үлкен шеңбер құрайық. 
Үлкен шеңбер құрған соң, 
Алақанды ұрайық. 
Оң жақтағы балаға
Сол жақтағы балаға, 
Шапалақта, шапалақ 
Жоғары-төмен қарайық, 
Орнымызды табайық.
Келесі кезекте балалар мәшинені өздігінен дербес әрекет етіп, 
құрастырып көреді. Кейбір балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
3. Рефлексия.
Балалардың «Лего» констукторымен жұмыс жасау барысына 
бақылау жасалады, бөліктерді қалай бекіткендеріне көңіл аударады, 
жасалған жұмыстарды салыстырып көреді, жақсы жасалған 
мәшинелер 
таңдалады, 
мадақталады. 
Балалар 
өздерінің 


27 
мәшинелерімен ойнайды, салыстырып көреді. Констукторларды 
жинап қораптарына салып қоюды ұйымдастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет