Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет44/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

Дидактикалық ойын
: «Дауысынан таны». 
Мақсаты: балалардың байқампаздық қасиеттерін, есте сақтау 
қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 
2. Негізгі кезең. 
- Педагог қошақанды жасау үшін қағазбен жұмыс жасау жолдарын 
түсіндіреді: 
– алдымен қошақандардың суреті салынған қағаздар таратылады, 
оны қарап көру ұсынылады, не жетіспейді? 
– қошақанның бұйра жүндерін жасау қажеттігі келісіледі; 
– ол үшін жолақ қағаздарды алып қарындашқа орап, ширатып 
алады, оны қошақанның суретіндегі орынға желімдейді; 

осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасап, шөппен, 
гүлдермен толықтырып әшекейлейді. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша қошақан – ягнëнок, үй жануарлары – домашние животные
сөздерін қайталап, бекітеді. 
Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың, 
Қайда қалып қойдың. 
Бұлтиып тұр бүйірің, 
Қай өрістен тойдың? 
Балалар жолақ қағаздар қияды; қиылған қағаздарды қарындашқа 
орайды, оны суретке белгіленген жеріне жапсырады. 
Педагог балаларға жолақ қағазды қарындашқа орауға көмектеседі, 
оны желімдеуге бағыт береді. 
Дайын болған қошақандарға шөп беріп, су беріп, оған қалай 
қамқорлық жасайтындарын сұрап тыйым сөздермен бекітеді. 
Тыйым сөздер. 
а) Малды теппе, ақты төкпе. 
ә) Малды басынан ұрма. 
б) Малға теріс отырма. 
3. Рефлексия.
Қошақандардың 
жасалған 
суреттеріне 
қарап, 
балалардың 
жұмыстарын бағалайды, қорытындылайды. Қошақан балаларға 
ризашылығын білдіріп, рақмет айтады. Балалар өздері қошақанды 
қалай жасағанын айтып береді. 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет