Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет47/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2.Негізгі кезең. 
Педагог 
сылдырмақ 
жасамас 
бұрын 
алдымен 
«саусақ 
жаттығуларын» жасап алайық деп балалармен бірге айта отырып 
жаттығуды жасатады. 
Бір саусағым тіпті де, 
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті, 
Қолға ине ілікті. 
Үш саусағым орамды, 
Жүгіртеді қаламды. 
Өнерлі екен он саусақ, 
Біз сылдырмақ жасасақ.
 
«Осындай аспаптарды жасау үшін бізге бөтелкелер қажет 
болады»,–деп, әр балаға таратып береді. 
– Аспап жасау үшін бізге екі түрлі заттар: біреуі ұсақ түймелер, 
екіншісі әртүрлі дәндер керек. 
– Өздеріңнің қалауларың бойынша түймені немесе дәндерді алып, 
бөтелкенің ішіне салып, оның қақпағын жауып қойыңдар. 
– Ал енді түрлі түсті қағаздардан әртүрлі пішіндер қиып алып
аспапты безендіреміз. 
–Дайын болған аспаппен музыка ойнап, дыбыс шығарып көреміз. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша музыка аспаптары – музыкальные инструменты, 
сылдырмақ – погремушка, дыбыс – звук - сөздерін қайталап
бекітеді. 
Сергіту сәті.
Кәне, кәне, тұрайық, 
Үлкен шеңбер құрайық. 
Тұрсақ енді шеңберге, 
Алақанды ұрайық. 
Оң жақтағы балаға.(бір-біріне екі бала алақан түйістіреді) 


46 
Сол жақтағы балаға. 
Шапалақта, шапалақ 
Шапалақта, шапалақ. (Ф.Ниязбекқызы) 
Барлық балалардың аспаптарының дайын болуын және қандай 
дыбыс шығаратынын өздеріне таңдату қажет. 
Балалар өздеріне берілген бөтелкелерге түймелерді немесе дәндерді 
салып, бөтелкенің қақпағын жауып, оның дыбысын шығарып ойнап 
көреді. Әркім өзінше безендіреді. 
3. Рефлексия.
Педагог барлық аспаптарды балалардың қолдарына беріп, өздері 
кезекпен немесе шағын топтармен бірлесіп ойнап, қарапайым 
«оркестр» 
құрастырады. 
Кімнің 
аспабы 
жақсы 
дыбыс 
шығаратынына қарап, безендірулеріне мән беріп жақсы жұмыстар 
таңдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет