Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет56/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
4 Құрастыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: 
құрылыс материалдары
үлестірмелі материалдар. 
Сөздік жұмыс: 
сырғанақ, әткеншек.

Билингвальді компонент:
сырғанақ – горка, әткеншек – 
качели, қақпа – ворота. 
ҰОҚ-нің барысы. 
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
Педагог 
балалармен 
балабақшаның 
ауласындағы 
құралдарды жасап көру жайында әңгімелеседі. Аулада ойнайтын 
қандай құралдар бар екенін естеріне түсіреді. Үлгі суретті көрсете 
отырып балаларға сауал қояды.
– Аулада не бар? 
Балалар ауладағы ойыншықтарды, құралдарды атайды. 
2. Негізгі кезең. 
– Осындай құралдар жасау үшін бізге құрылыс материалдары 
көмекке келеді. Ауладағы сырғанақ, әткеншек т.б. жасау үшін 
алдымен құрылыс материалдарын: түстеріне, көлеміне, пішініне 
қарай таңдап аламыз. Сырғанақ жасау үшін үш текше, бір үшбұрыш 
қажет болса, құмсалғышты кірпіштерді көлденең қатарластырып 
қою арқылы құрастырамыз, әткеншек жасау үшін үшбұрыш және 
ұзынша кірпіш пайдаланылады. Орындықтарды жасау үшін екі 
текше, бір кірпіш қажет. Қатарластырып қою арқылы жол 
жасаймыз. Тігінен кірпіштерді тізіп қою арқылы қақпа
қоршауларды құрастырамыз. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша сырғанақ – горка, әткеншек – качели, қақпа – ворота 
сөздерін қайталап, бекітеді. 
Сергіту сәті 
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. 
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. 
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, 


52 
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. 
Алға, артқа қарадық та – үш дедік. 
Тағы жаңа жаттығулар жасадық. 
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, 
Отырайық көңілді енді марқайтып. 
/Б.Бөрiбаев/
Балалар текшелер мен кірпіштерді үлгі суреттерге қарай отырып, 
ауладағы құрылыстарды құрастырады. Өздері қандай құрылыс 
жасағысы келетінін айтады, құрастырады. 
3. Рефлексия.
Педагог балалардың жасаған жұмыстарын белгілі орындарға 
жайғастырып, балабақша ауласының көрінісі болатындай жағдай 
жасайды. Балалар өздерінің жұмыстарын, не жасағандарын айтып 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет