Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016



бет1/12
Дата15.11.2019
өлшемі185.92 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ахметова Ұ. С., Құлпейісова Қ. Қ., Жұмаділдаева К. И., Есенсариева А. Ы.

ДРАМА

Әдістемелік нұсқау

Мектепалды даярлықтың типтік оқу бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған

Алматыкітап баспасы

2016


ӘОЖ 373.2

КБЖ 74.10

Д 69

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

«Драма» оқу-әдістемелік кешенінің жиынтығы.



Д 69
Ахметова Ұ.С., т.б.

ДРАМА: Әдіст. нұсқау. Мектепалды даярлықтың типтік оқу бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған/ Ұ.С. Ахметова, Қ.Қ. Құлпейісова, К.И. Жұмаділдаева, А.Ы. Есенсариева. – Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2016. – 72 бет.

ISBN 978-601-01-1958-1


ISBN 978-601-01-1958-1

© Ахметова Ұ.С., Құлпейісова Қ.Қ., Жұмаділдаева К.И., Есенсариева А.Ы., 2016

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2016


КІРІСПЕ

Бұл әдістемелік нұсқау мектепалды даярлықтың типтік оқу бағдарламасы бойынша «Коммуника- ция» білім беру саласындағы «Драма» сабағына арналып дайындалған.

Мектепалды даярлықтың типтік оқу бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) баланың мектеп- те білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, дене және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік қызығушылықтарының көрінуіне, білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

Бағдарламаның «Драма» сабағы бойынша келесі мақсат, міндеттер қарастырылған:

Мақсаты: балалардың өз ойын білдіру және шығармашылық белсенділігі мен бастамашылдығын дамыту және қолдау үшін қолайлы ахуал жасау.

Міндеттері:

- көркем бейнені жасауда ойындық, ән және би туындыларын қолдана отырып шығармашылық дербестікті дамыту;


  • негізгі психикалық процестер мен сапаларды дамыту (қабылдау, есте сақтау, зейін, бақылағыштық, қиял, коммуникативтік, ырғақ сезімі, көпшілік алдында өз ойын айта білу, батылдық);

  • балаларды белсенді түрде сюжетті-рөлдік ойындарға тарту арқылы әлеуметтік мінез-құлық дағдыларының тәжірибесін қалыптастыру;

  • бірлескен театр қойылымдарына ата-аналарды қатысуға тарту.

«Драма» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері білім, түсінік немесе дағды сияқты күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттары кіретін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік туғызады.




Бөлім

Бөлімше

1

Артикуляциялық дағдылар

0.1.1.1 Тыныс алу және артикуляция

0.1.1.2 Дикция және интонация

2

Қимыл үйлесімділігінің

дағдылары



0.2.2.1 Ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі

3

Коммуникативтік-тілдік және

ойын дағдылары



0.3.3.1 Бірлесе әрекет ету тәсілдері

Берілген бөлімдердің мазмұны сегіз ортақ тақырыптың аясында жүзеге асады:



  1. Мен кіммін және қандаймын?

  2. Мектепке не үшін барамыз?

  3. Менің айналамда кімдер бар?

  4. Менің айналамды не қоршап тұр?

  5. Жолдар бізді қайда бастайды?

  6. Салт-дәстүрді білу не үшін керек?

  7. Мен үшін не дәмді және пайдалы?

  8. Денсаулықты қалай күту керек?

Әдістемелік нұсқауда ұзақмерзімді жоспарлау (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) мен қысқамер- зімді жоспарлау (күнделікті сабақ жоспары) және қосымша материалдар ұсынылады.

Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында Қуаныш және Айсұлу атты кейіпкерлер енгізілген. Осы кейіпкерлердің көмегімен балалар түрлі ойын-жаттығуларды, тапсырмаларды орындайды.

«Драма» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына тәрбиеленушілерге арналған Әліппе-дәптер кіреді.

«Драма» оқу құралы әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр – адамдарды туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелейтін шығармашылық орта, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған.

«Драма» оқу құралы арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады, театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде «Драма» ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар мазмұнды рөлдік ойындардан ойнау іс-әрекетінің си- патымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын қойылымы болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнай- ды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен дауыс ырғағы, бет-әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.

Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздар- ды жазалауға тырысады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.

Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.

Сабақ жоспарларында қолданылған шартты қысқартулар:
ПК – педагогтің көрсетуі Ө – өздік жұмыс

Ұ – ұжымдық жұмыс Қ – қалыптастырушы бағалау

Т – топтық жұмыс ҮМ – үлестірмелі материал
ҰзАҚМЕРзІМДІ ЖоСПАРлАу

«Драма» сабағы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар


ортақ тақырыптар

Тақырыпша

оқу мақсаттары

Сағат саны

І тоқсан




1. Мен кіммін және қандаймын?

Театрға саяхат

0.2.1.2 Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу

0.2.1.4 Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.

0.3.1.1 Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

0.3.1.3 Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру



1

Дұрыс сөйлеу мәнері

0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.



        1. Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу.

        2. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып, таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

1

2. Мектепке не үшін барамыз?

Мектепте не үйренемін?

0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

0.1.2.1 Эмоциялық күйді анықтау және беру.

0.2.1.3 Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.

0.3.1.1 Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып, таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.



1




Бәрін білгім келеді

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

0.2.1.3 Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.

0.3.1.2 Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.


1

ІІ тоқсан




3. Менің айналамда кімдер бар?

Айсұлудың туған күні

        1. Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

        2. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

0.1.2.1 Эмоциялық күйді анықтау және беру.



0.2.1.1 Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.

0.3.1.1 Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

0.3.1.3 Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру.


1

Дос болайық бәріміз

        1. Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу

        2. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

        1. Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.

        2. Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырып құрылған сахна алаңында) түрлі қарқында қозғалу.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып, таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.



1

4. Менің айналамды не қоршап тұр?

Кішкентай маса

0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

        1. Интонацияларды ажырата алу және оларды қайталап айту.

        2. Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін білдіру.

0.2.1.4 Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.

0.3.1.3 Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру.

0.3.1.5 Түрлі қуыршақты (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақ басқарудың кейбір әдістерін білу.


1

Ақ бидай

(сахналау)



        1. Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

        2. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

0.1.2.1 Эмоциялық күйді анықтау және беру.



        1. Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.

        2. Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып, таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.



1

ІІІ тоқсан




5. Жолдар бізді қайда бастайды?

Гастрольдік сапарға шығу

0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

0.1.2.1 Эмоциялық күйді анықтау және беру.

0.2.1.3 Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.



1

Мақтақыз бен мысық

        1. Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

        2. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

        1. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

        2. Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақ басқарудың кейбір әдістерін білу.

        3. Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

1

6. Салт- дәстүрді білу не үшін керек?

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

        1. Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу

        2. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

0.2.1.4 Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.

0.3.1.1 Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.


1

Алтын сақа

0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

        1. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

        2. Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

0.1.2.1 Эмоциялық күйді анықтау және беру.

0.2.1.3 Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.


1

ІV тоқсан




7. Мен үшін не дәмді және пайдалы?

Көгөністер мен жемістер туралы ертегі

        1. Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

        2. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

0.2.1.4 Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.

0.3.1.2 Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.



1

Ең керемет дәм

        1. Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

        2. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

1







0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

0.2.1.2 Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.






8.

Денсаулықты қалай күту керек?

Дені саудың – жаны сау

0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

0.2.1.3 Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.


        1. Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

        2. Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.

1

Ертегілер еліне саяхат

0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.



        1. Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу

        2. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейпкерлердің бейнелерін жасау.



1




16





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет