Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016



бет4/115
Дата06.02.2022
өлшемі185,92 Kb.
#51824
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Драма-әдістемелік
Драма-әдістемелік, Драма-әдістемелік
Бөлім

Бөлімше

1

Артикуляциялық дағдылар

0.1.1.1 Тыныс алу және артикуляция

0.1.1.2 Дикция және интонация

2

Қимыл үйлесімділігінің
дағдылары

0.2.2.1 Ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі

3

Коммуникативтік-тілдік және
ойын дағдылары

0.3.3.1 Бірлесе әрекет ету тәсілдері

Берілген бөлімдердің мазмұны сегіз ортақ тақырыптың аясында жүзеге асады:



  1. Мен кіммін және қандаймын?

  2. Мектепке не үшін барамыз?

  3. Менің айналамда кімдер бар?

  4. Менің айналамды не қоршап тұр?

  5. Жолдар бізді қайда бастайды?

  6. Салт-дәстүрді білу не үшін керек?

  7. Мен үшін не дәмді және пайдалы?

  8. Денсаулықты қалай күту керек?

Әдістемелік нұсқауда ұзақмерзімді жоспарлау (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) мен қысқамер- зімді жоспарлау (күнделікті сабақ жоспары) және қосымша материалдар ұсынылады.
Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында Қуаныш және Айсұлу атты кейіпкерлер енгізілген. Осы кейіпкерлердің көмегімен балалар түрлі ойын-жаттығуларды, тапсырмаларды орындайды.
«Драма» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына тәрбиеленушілерге арналған Әліппе-дәптер кіреді.
«Драма» оқу құралы әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр – адамдарды туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелейтін шығармашылық орта, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған.
«Драма» оқу құралы арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады, театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде «Драма» ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар мазмұнды рөлдік ойындардан ойнау іс-әрекетінің си- патымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын қойылымы болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнай- ды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы, бет-әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.
Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздар- ды жазалауға тырысады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.
Сабақ жоспарларында қолданылған шартты қысқартулар:

ПК – педагогтің көрсетуі Ө – өздік жұмыс


Ұ – ұжымдық жұмыс Қ – қалыптастырушы бағалау
Т – топтық жұмыс ҮМ – үлестірмелі материал

ҰзАҚМЕРзІМДІ ЖоСПАРлАу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет