(Ұ) Интонациямен жұмыс: Жаңылтпашты қайтала. Асан басқа жақтан
Ақ сабақ асқабақ әкелді. Басқа жақтан
Басқарақ асқабақ әкелді.
Жағдаятты сұрақ:
Сендер қалай ойлайсыңдар, жемістер мен көгөністер ертегі кейіпкері бола ала ма?
Режиссёр деген кім?
Режиссёр болғыларың келе ме?
(Т) ойын: «Мен режиссёр боламын».
Педагог тәрбиеленушілерге төрт топқа бөлініп, көгөністер мен жемістер туралы өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналауды ұсынады.
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 3-тапсырма: Көгөністер мен жемістерді дене мүшелерімен толықтырып, мультфильм кейіпкерлеріне айналдыр.
Педагогтің басқаруымен тәрбиеленушілер көгөністер мен жемістерге көз, ауыз, қол, т.б. дене мүшелерін салып, мультфильм кейіпкеріне айналдырады.
Қуаныш бүгінгі сабаққа өзінің білетінін сендермен бөлісуге келіпті.
Тамақтанар алдында қолыңды жу.
Көгөністерді жумай жеме. Қуаныштың сұрағына жауап бер: