Бағдарламасы бойынша сабақ. Сабақ жоспары: Химия. 1 сынып ч. Оңтүстік Қазақстан облысы



бет1/3
Дата05.02.2023
өлшемі3,29 Mb.
#167537
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Кембридж бағдарламасы бойынша сабақ


Кембридж бағдарламасы бойынша сабақ. Сабақ жоспары: Химия. 11 сынып
ч. 1
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы


Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі,

І-деңгей сертификатталған мұғалімі Оңғарбай Салтанат.

Кембридж бағдарламасы бойынша сабақ.

Сабақ жоспары: Химия.11 сынып

Сабақ тақырыбы: «Спирттер» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту.

Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға спирттердің номенклатурасын,маңызды өкілдерін айта отырып, физикалық және химиялық қасиеттері, қосылыстары туралы түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету және сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
ә) оқушылар өз бетімен,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, олардың есте сақтау қабілетін,ой-өрісін дамыту және химия тілімен сөйлей білуге баулу;
б)салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сөздер банкісі», «Аяқталмаған сөйлем», «Конверт-сұрақ»әдісімен үй тапсырмасын сұрау, Де Бононың қалпақтары: оқуға ықпал етудің 6 тәсілі, ашық сұрақтар,миға шабуыл, топтық жұмыс.

Күтілетін нәтиже:оқушылар спирттердің қасиеттерін, алыну жолдарын,зиянды әсерін біледі,тақырыпты оқи отырып,өз ойларын жинақтай алады.

Қолданылатын модульдер:СТО,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері,оқыту үшін бағалау,ОЖЕ сәйкес оқыту,АКТ,дарынды және талантты оқуш.оқыту.

Ресурстар:сұрақтар тапсырмалары,түрлі-түсті қалпақтар,желі мәліметтері,оқулық,кері байланыс парақтары,көрсетілім,спирттер,химиялық реактивтер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,түгелдеу.Оқушыларды Қазақстанға белгілі әншілер мен спортшылар бойынша топқа бөлу.(3 мин)
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі,топқа бөлінеді.


2.Үй тапсырмасын сұрау.10 минут.Әр топқа бөлек тапсырмалар беру.
«Мұнайдың құрамы,өңдеу және өнімдері» тақырыбын еске түсіру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет