І топқа тапсырма. «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі бойынша оқушылар тақырып бойынша негізгі сөздерді бөлек жинайды.
Оқушыларға мына сөздер беріледі: мұнайға серік газдар, көмір, отындар,палеонтология, морфология,кокс,пропан,ацетилен,катализдік крекинг,бензол,детонация,октан саны,газойль,қоспа,айдау, табиғат, кеңістік,шланг,жұмсақ, өсімдіктер,ихтиология,монолог,тез-тез, ұшқыш,арендер,риформинг,пропилбензол.
ІІ топқа тапсырма.10 мин.
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша оқушыларға мына сөйлемдер беріледі.Оқушылар сөйлемдерді аяқтайды.
1.Мұнай өнімдері:..................................................
2.Көмірсутектердің галогентуындылары:...................................................
3.Қатты отындарды өңдеудің мынадай химиялық әдістері бар:........................................................................
4.Тас көмірді кокстеу дегеніміз-.....................................
5.Қазақстандағы тас көмір алаптары:.............................
6.Мұнай-қара-қоңыр түсті,..................................................
7.Мұнайды айдауға арналған пеш 2 бөліктен тұрады:................................................................................
8.Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарға жеткізу үшін.........................................................................................
ІІІ топқа тапсырма. «Конверт-сұрақ» әдісі.
«Конверт-сұрақ» әдісі бойынша оқушыларға 2-3 сұрақ жазылған конверттер беріледі.Оқушылар стикерлерге жауаптарын, аты-жөнін жазады.Осылайша топқа берілген 3 конверттегі сұрақтарға оқушылар тез жауап береді.Өткенді қайталау сұрақтары беріледі.
1-конверт.
1.Тас көмірді кокстеу дегеніміз не?
2.Кокс пешінің құрылысы қандай?
3.Қазақстандағы тас көмір өндіру туралы не білесің?
2-конверт.
1.Мұнай өнімдерін ата.
2.Крекинг дегеніміз не?
3.Мұнайдың физикалық қасиеттері.
3-конверт.
1.Мұнайға серік газдарды ата.
2.Табиғи газдың құрамы қандай?
3.Құрғақ газ дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |