Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет114/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
125
– Ой, Перизат, келіп қалдың ба? – дегенде екеуінің құ ша-
ғы айқаса кетті. Бірге туған апалы-сіңілілі қыздардай са ғы-
ны сып табысты.
Перизат  құрбысы  оқитын  институттың  əзірлік  курсына 
оқу ға түсуге құжаттарын өткізіп, əңгімелесуден өтіп қой ға-
нын асыға жеткізіп жатты.
– Бүгін қайда барасың?
– Жатақхана береді екен, қазір соны сұрап алуға барамын.
– Ой, оны саған бүгін бірден бере қоймас, бүгінше мені-
мен бірге біздің үйге бар, ертең келіп бөлмеңді аласың, – деп 
Қым бат жөн білетінін көрсетіп жатты. Перизат кешке де йін 
құ жат та рын  дұрыстап  жатақханадан  алатын  бөлмесін  рет-
теп, ертең көшіп келетін болды. 
Қымбат сабағынан босаған соң, екі қыз беттерін Ар қа ның 
аязы  сорып  қаланың  шетіндегі  Қымбаттың  на ға шы сы ның 
үйіне қарай тартты.
Аялдамадан  үйге  дейінгі  аралықтағы  қармен  омбылап 
келе  жат қан  қыздарды  алдымен  Жұлдызбек  ағасы  көріп, 
жол дың ше ті не көлігін тоқтатып, салып алды.
–  Аға,  мына  қыз – Перизат,  есіңізде  ме  «Целиноградта 
практикада  бір  үйде  жүрдім,  қызымен  достасып  кеттім» – 
деп  едім  ғой,  сол  қыз.  Танысып  қойыңыздар.  Перизат  бұл 
кісі менің нағашы ағам – Жұлдызбек, – деп екеуін үйге жет-
кенше  таныстырып  үлгерді.  Жұлдызбек  жаратылысынан 
ұял шақ тау жігіт еді.
– Иə…иə, – дей береді міңгірлеп.
Перизат та келмей жатып бір жігітпен танысқанына қат-
ты  қысылып,  тіпті  «таныс  емес  үйге  қалай  барам»  дегені 
енді есіне түсіп, ұяттан қызарып кетті.
Нағашы апасы мен көкесі екі қызды ауладан қарсы алды. 
Əсіресе, апасы айналып-толғанып, күннің суытып кеткенін 
айтып қоятын емес. 
– Айттым, Жұлдызға, Қымбатты барып алып кел деп, – 
дей ді аузы жабылмай. Мынандай ақкөңіл, мейірбан адамдар-


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет