Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет115/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ды  көріп  Перизат  «біреудің  үйіне  келдім»  деген  қо лай сыз-
ды ғы нан  арыла  бастады.  Ыстық  сорпа  ішіп,  ет  жеген  соң 
жастар  жағы  бөлек  бөлмеге  кіріп  əңгімелесіп,  Жұлдызбек 
пен Қымбаттың сурет альбомдарын парақтады. Қыздардың 
оқу ла ры мен жігіттің жұмысы жайлы пікір алысқан болды. 
Таң ер тең гі сін  Жұлдыз  қыздар  шыққанша  «Жигулиін»  қыз-
ды рып күтіп тұр екен, оқу корпусына əкеліп салды.
–  Сабағың  басталған  соң  үйге  келіп  тұр  Қымбатпен, – 
деп қалды қоштасарда Перизатқа. Өмірі сөйлемейтін аға сы-
ның өз бетімен досына мынандай қонақжайлық та ныт қа ны 
Қымбатты  таңқалдырды.  Бірдеңе  де  мазақтап,  сыңғырлап 
күл гі сі  келсе  де,  ұстамдылық  танытып,  байқамағансыды. 
Аға сы Перизатқа қолын ұсынып қоштасты. Перизаттың ұят-
тан қызарғаны сондай, беті алмадай болып, көзін жерден ал-
майды.
Сол жылы Перизат дайындық курсінен бірден инс ти тут қа 
түсіп кетті де, Қымбатпен жұптары жазылмай жүрді. Жаз ғы 
демалыста Қарқаралыға барып Қымбаттың əке-ше ше сі мен, 
бауырларымен танысып қайтатын болып келісті. Екі қыз дың 
елге баратынын естіген Жұлдызбек ойда-жоқта белсеніп:
– Сендерді мен апарып тастайын, – деп қалды.
– Онда тіпті жақсы болар еді, көкем мен апам қуанып қа-
лар еді. Енді қашан шығайық, – деп қуанып кетті Қымбат.
 Қарқаралыға баратын ұзақ жол бойы екі қыз бен жігіт ба-
старынан өткен талай қызық əңгімелерді айтысып, əб ден бір-
бірлеріне ақтарылды. Əншейінде үндемейтін Жұл дыз бек тің 
білмейтіні  жоқ  айтып  отырса.  Арасында  əн  де  шыр қал ды, 
əзіл де айтылды қас қарая ақ «Жигули» үлкен үй дің алдына 
келіп тоқтады. Есік алдында ойнап жүрген бала-шаға кө лік-
ке қарай жүгірісті. Үйден де ересектер шығып ұзақ жол жү-
ріп келген үшеуін бауырларына басып, сағынысып та быс ты.
–  Оу,  Жұлдызжан  айналайын,  қарындастарын  өзі  алып 
ке ліп ті ғой, – деп көкесі Қуаныштың қуанышында шек жоқ, 
дау ры ғып жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет