Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет128/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Араны  қайтадан  сағынышқа  толы  хаттар  жалғастырып, 
екеуі кезекті курстарын аяқтап Алматыда кездесті. Қымбат 
бой же тіп, толған айдай толысып, көрген жанның көзін арбап 
жүр ге ні мен өз жүрегі Серіктен басқаны қаламады. Курстас 
қызы Лəззат Серікті көргенде:
– Қымбат, осындай жалпақ сары жігіт біздің қалада да то-
лып жүр ғой, сонша Алматыға жол тосып, – деп күлгені бар.
 Қымбатқа кім ғашық болмады. Кім үздігіп хат жазбады, 
өлең  арнамады.  Бірақ  ешбіріне  қыздың  көңілі  елең  еткен 
емес.
Жұлдызбек Перизаттың артынан қалмай жүріп, жазға са-
лым  үйленіп  тынды.  Жақсы  көретін  дос  қызының  на ға шы 
аға сы на тұрмысқа шыққанына қуанып Қымбат олардың той-
ларына белсене қатысты. Перизаттың төркінінде өткен қыз 
ұза ту тойында сол жақтың жігіттерінің бірі əдемі қызды алып 
қашу жайын да ойластырса керек. Барғаннан үйден шық пай 
қой ға ны дұрыс болыпты. Жұлдызбекпен бірге барып, бір ге 
қайт қан. «Алып  қашу»  жоспарын  кейіннен  Перизаттан  ес-
тіді. Содан кейін ауылдық жерлерге барғанда түскен үйі нен 
шық пай тын болды.
Сол жылы Серік те құдалық жіберем деп қоймады. Ана-
сына айтып көріп еді, шешесі шошып кетті.
– Қой, əлі екі жыл оқуың бар. Немене кейеусіз қалам деп 
қорқасың ба? – деп ренжігені.
Содан қайтып ол тақырыпқа бармады. Жағдайды Серікке 
айтып еді, ол: «Сенің оқуыңды тастатпаймыз ғой. Мен бол-
сам  бітіргелі  отырмын.  Əке-шешем  əзірлікте» – дей  бер ді. 
Серіктің үйіндегілер келін түсіруге асыққанымен, Қым бат-
тың үй-іші келісім бермей, арада тағы бір жыл өтті.
 Серік институтын үздік бітіріп, Теміртаудағы металлур-
гия  зауытына  жолдама  берілді.  Жыл  бойы  тойларын  сары-
лып күткен жастарға екі жақтың ата-анасы баталарын бер ді. 
Той ға  əзірлік  басталып  кетті.  Алдымен  Серіктің  туыс тары 
Қар қа ра лы ға қызға үкі тағуға келді. Екі ағасы мен екі жең ге-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет