Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет14/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей
соң осылай бола ма екен? Үлкен қатыны қайда жүр екен?», – 
деп ойлап қойды.
Жалғыз өзі біраз отырған соң іші пысып, əрі қы зы ғу шы-
лы ғы жеңіп, шымылдықтың арасынан үйдің ішіне сы ға лап 
қарады.  Айналы  киімсалғышты,  жұмсақ  қызыл  бар қыт пен 
қаптаған орындықтарға көзі түсті. Мұндай заттарды да ал-
ғаш  көруі.  Тек  жеңешесінің  əңгімелерінен  еститұғын.  Қы-
зыл ала кілемдер мен текеметтер, орыстың айқыш өр не гі мен 
кестеленген төсек жапқыштар, терезе перделер көз тартады. 
Шы мыл дық та шымқай қызыл екен. Ұстап көрді, асыл жібек 
ала қан да сусыды. Мамық кілеммен басып келе жатқан аяқты 
сез ді де отыра қалды. Алдымен ер адамның былғары аяқ киі-
мі нің ұшы көрінді... 
Хадишаның жүрегі атқақтап аузына тығылды... 
Шымылдықтың  жібегін  бір  қолымен  көтеріп  ірі  денелі, 
орысша киім киген, жирен мұртты еркек кіріп келді. 
Хадиша атып тұрып, иіле қалды. Көзін көтеруге жү рек-
сі ніп, бəтес көйлегінің етегін төмен тартқылап аяғын жаба 
бер ді.  Күйеуі  келгенін  сезіп  дірілдеп  кетті.  Алғаш  «кү йеу 
көр се тер,  қол  ұстатар», – деген  салт-жоралғылар  болатын 
шы ғар  деп  жеңгелері  желігіп  жүр  еді,  күйеуі  ол  жа ғы на 
ырық бермеді ме, жоқ Сөкелай қақылдап есік алдынан алып 
қал ды ма. 
Бұл кісімен тек əкесінің үйіне келген кезінде бір-ақ жолы 
екеуін бір-біріне көрсеткен. Ұялып жөндеп болашақ кү йе уі-
нің жүзіне қарай да алмады. Есінде қалғаны «дəу сары, орыс 
сияқты екен...», – деп ойлағаны.
Арслан қоянның көжегіндей дірілдеп тұрған қыздың қо-
лы нан ұстап, бауырына тартты...
Елден келген Хадишаға қаланың тірлігі таңғажайып бо-
лып  көрінетін.  Бəрін  есіктің  алдында  тұрып  қақпадан  асы-
рып көз тастап бақылайтын. Қажы ата мешіті мен екі ортада 
ары-бері жүріп жүрген адамдарға алыстан қарап тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет