Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет15/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Сәуле Досжан
17
Үлкен үйдің алдындағы шағын үйде Арсланның қыз мет-
ші ле рі,  құл-құтандары  тұрады  екен.  Саудагердің  бəй бі ше сі 
Нұрия  соларды  жұмсап,  тапсырмалар  беріп  ала  таңнан,  ел 
орынға  отырғанша  тыным  таппайды.  Бала  көтермеген  соң 
толыса  бастаған  татар  əйел  Қарқаралының  қазақ  қа тын да-
ры на ұқсап кеткен. Киген киімі де ауылдың бəй бі ше ле рі ні-
кін дей. Басында кимешек, кең-мол пішілген бəтес көйлектің 
сыртынан пұлыш жеңсіз киеді. Жүзі сондай жылы. Осындай 
мейірімді əйелдің бала сүймеуі білетіндердің жүрегін ауыр-
татын. Қызметшілеріне де жайлы. Өздерінен ауысқан ас-ау-
қат, мата-сата, айна-тарақ дегенді таратып жүреді. Еш кім ге 
тілі тиіп, ешкімді шағыстырмайды. Байын да ешбір қыз мет-
ші сі не айдап салмайтын.
Байы тоқал алады екен дегенді алғаш естігенде таңға көз 
ілмеді. 
Əкелері атастырып қосқанымен ерін қатты жақсы кө ре-
тін. Ол да оншақты жыл тұрып, ауызын былғап сөз айтып, 
қабағын түйіп қараған емес. Төркінінен алыста бір сол үшін 
жүргендей. Нұрия екі-үш жылда бір төркіндеп татарларына 
барып қайтады. Олар бұған «Қазақ қатын», – деп күліп оты-
рады. Қазақтың ортасында хандай болып жүрген кү йе уі нің 
тілеуін тілеп, бес уақ намазын үзбей, Жаратқаннан бір пер-
зент тілеп жүр еді. Бар кінəсі – бала көтермегендігі. Ал ғаш-
қы жылдары «Құда бир бирə!», – деп жүрді, кейіннен үмі ті 
азая келе бақсы-палшы жағалады, болмады. Қанша қи ма са 
да күйеуінің ерте ме, кеш пе екінші əйел алатынын іші се-
зетін. 
Күндердің күнінде төсекте жатқанда Арсланы құ ша ғы на 
қысып жатып сырын ашты...
–  Өзім  жалғыз  едім,  тұқымым  жалғассын,  тоқал  ал мақ-
пын. Алыстан іздемей-ақ өзіміз үйреніскен қазақтардан ала-
йын деп ойладым. Сені қанша жақсы көрсем де солай болды. 
Сен ренжіме... – деді.
Нұрия ақылды əйел ғой:


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет