Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет208/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
229
–  Бізді  тастап  кетіп  барады,  көмектесіңдер,  кө мек те сің-
дер! Біздің заттарымызды тиеп барады! – деп айқайлап жа-
тыр. Ол кісінің аттанымен көршілер де жиналып қалды. Біз 
тө мен нен  əпереміз,  Ерік  кері  лақтырады,  енемнің  шаң қыл-
да ған дауысы, балалардың жылағаны бар есіктің алды азан-
қа зан болды.
Жарым түнге дейін у-шу болып, таласып-тармасып жү-
ріп көштің бетін сыртқа бұрдық. Жеңілген кемпір ойбайын 
салып қарғап, Ерік ең болмаса балаларын сүюге де жара-
май қала берді. Егер шешесі екеуі «Балаларды бермейміз, 
қай да  əке тіп  барасың», – деген  болса,  əкем  мені  тоқтатар 
еді. Мен де ойланып қалар ма едім. Ондай парасат олардан 
қай дан шық сын. Бір кезде осы үйге жалғыз өзім Ерікке еріп 
ке ліп  едім,  енді  бес  баланы  құшақтап  басым  ауған  жаққа 
кетіп барамын. Мəшиненің терезесінен менің болашақ өмі-
рім сияқ ты қараңғы далаға жас толған көзім бұлдырап қа-
ра дым. Балапандарым бауырыма жабысып алып жылытып 
келеді.
Түнделетіп жүрген көлігіміз ауылдың шетіндегі үйге тоқ-
та ды. Бізді күтіп жүрген бригадир бөлменің ортасына жерге 
газет төсеп үйінен əкелгендерімен тамақтандырды. Таң ат-
қан ша өзімнің еншіме тиген үйге жайғасып, таңертең са ғат 
сегізде егін басында болдым.
Егіншілердің  орақ  кезінде  тұратын,  тамақтанатын  үйін 
бі рін ші рет көруім. Бір қабатты барак типтес үйлердің алды 
егін ді  оратын,  май  таситын,  жинайтын,  тасымалдайтыны 
бар толған техника. Асханасы мен жатын орындары бөлек-
бө лек. Маған тигені дəу-дəу кəстрөлдері мен қазандары, са-
қыр ла ған  темір  ыдыс-аяқтары  бар  асхана  болды.  Отыз дай 
еркекке  таң  сарғайғаннан  тұрып  тамақ  пісіріп,  оразасын 
аштырып, түскі астары мен кешкі астарын уақытында бе ріп, 
ыдыс-аяқтарын жуып төсегіме жарым түнде мұрттай ұшам. 
Апта сайын төсек орындарын жуып, ауыстырамын. Жа ным-
да үлкен інім Талғат көмекші. 


230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет