Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет226/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
247
–  Қуаныш,  қандай  дəу  жігіт  болған, – деп  қолын  ұсы-
нып амандасты. Менің інім оны таныған да жоқ. Мен де кім 
екенін айта қоймадым. 
– Жалға тұрып жатырсыңдар ма? – деді.
– Жоқ, сатып алдық. Талғат екеуміз жұмыс істейміз. Ба-
қыт институтқа түсті, күндізгі бөлімге, – дедім мақ тан ған дай 
дауыспен. 
– Жақсы екен, жақсы екен, – дей берді.
– «Жетім жетілмей ме, жарлы байымай ма» деген қа зақ-
тың сөзі бар, мамаңа айтып бар, біз де жетілдік, – деп теп-
сініп қалдым.
–  Мамам  қыста  қайтыс  болып  кетті,  мен  жалғыз  қал-
дым, – деді. 
Жаңа ғана жұлынып отырған мен сасқалақтап:
– Арты жақсы болсын, – деппін. 
Əрине, бес жылдан бергі айтар өкпе-назым көп еді, қы-
рық жасында жетім қалған жігітке несін айтайын. Дас тар қан 
жайып, біраз өткен өміріміз жайлы əңгіме айтып шы ға рып 
салдым. Балалар басқа бөлмеде сыбырласып, ананы мынаны 
сылтау етіп кіріп-шығып жүргені болмаса əкелеріне жа қын-
дау ниетін білдірмеді.
Содан  кейін  балаларды  сылтауратып  Ерік  бізге  жа қын-
дай берді. Əр жексенбі сайын тəтті-тұрымын көтеріп келеді 
де тұрады. Бұрынғыдай ішіп жүргенін байқамаған соң мен 
қар сы болмадым. Еркектің аты еркек емес пе ауланың бəрін 
ретке  келтіріп,  есікке  үлкен  қақпа  да  жасап  берді.  Жап сы-
ру шы лық шеберлігінде шек жоқ екен, қақпаны гүл ден ді ріп 
жіберді. Тура темірден түйін түйген шебер дейтіндей. 
Əминаның  туған  күнінде  келді  де  балаларды  күні  бойы 
қыдыртып, кешке қарай үйде тойладық. Сол түні іш кен ша-
рап тың  əсері  ме,  ертесіне  бұрынғы  күйеуімнің  қой нын да 
ояныппын. Менің жаныма жататын екі қызым екі əп ке сі не 
ке тіп ті.  Таңертең  інілерімнен  ұялғаным-ай.  Сон ша лық ты 
есімді білмейтіндей ішпеуші едім. Еріктің арамыздағы сон-


248


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет