Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет227/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ша жылғы үзілісте бізді сағынып жүргендей əсер ет ке ні нен 
шы ғар, мен де еріп қоя беріппін...
Содан бастап баяғыдай жан анасы жанында емес, Ере кең 
біздің  үйден  шықпайтын  болды.  Балаларымның  əкесі  бол-
ған соң ба, інілерім оның бұл жүрісіне қарсы бола қой ма ды. 
Көршілеріміз болса да мəн бермеді, себебі осынша балалы-
шағалы  отбасында  бір  еркек  отағасы  болады  деп  ой ла ған 
шығар.  Сын  айтып  күлетіндей  араласып  жатқан  аға йын-
туысымыз  болса  да  жоқ.  Менің  туған  күнімде  гүлін  алып 
келіп:
– Гүлжан, екеуміз неке қиғызсақ қайтеді, ортада балалар 
бар, – деп есі кіріп қалыпты. Аузым күйіп қалған мен: 
– Болмайды, біздің арамыздағы жіп үзілген, енді жал ға-
ғым  келмейді.  Осылай  балалар  үшін  сыйласып  жүрейік, – 
деп көнбедім. 
Мені алдап не зорлап көндіретін қасиет Ерікте болса біз 
осылай тозып жүріп табысар ма едік. 
Түбінде бізді Бақыт бағатын шығар, жүрген жерінде бір 
мə се ле ні шешіп жүреді. Өзі оқитын институтындағы жа тақ-
ха на  комендантымен  танысып  алып,  мені  сонда  жұ мыс қа 
тұрғызды. Сол жатақхананың шаруашылық мең ге ру ші сі бо-
лып орналасып, үй көрмей кеттім. Қыздар өздерімен-өз де рі. 
Талғат Жора ағасымен моншасында, Қуаныш сабақтан шыға 
мектептің спорт командасынан босамайды. Ерік ба ла лар дың 
əкесі болып күндіз келіп қарап, кейде қонып қалып жү ре ді. 
Бірақ жұмысының берекесі жоқ. Бізге кейде апталап жола-
май кетеді, сонда тағы ішіп жүргенін сеземін. Бұ рын ғы дай 
анасы да жоқ, тамағын жасап отыратын. Арып-ашып келеді 
де екі-үш күн бізде есін жинайды. Өзі жалғыз бала еді, біз 
оған пана болдық. 
Бір күні институттың артындағы шаруашылық ауласын-
да Фризергер деген неміс ректорымыз бар, топты адам бір 
нəр се ні  шуласып  талқылап  жатыр  екен.  Кіш кен та йым нан 
ша руа шы лық қа араласып үйреніп қалған мен де орталары-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет